Бұл режимді фотокамера шуын барынша аз ету үшін таңдаңыз. Фотокамера фокустаған кезде дыбыстық сигнал берілмейді.

  1. s (E) түймешігін басыңыз.

    s (E) түймешігі

  2. J (Quiet shutter release (Ысырманы тыныш босату)) режимін таңдаңыз.

    J (Quiet shutter release (Ысырманы тыныш босату)) режимін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.

  3. Фотосуреттерді түсіріңіз.

    Суретке түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.

Ысырманы тыныш босату

Ысырманы тыныш босату режимінде ысырманы босату түймешігі толығымен басылып тұрғанда айна орнына қайтадан «шырт» етіп түспейді. Бұл фотографқа айна шығаратын «шырт» еткен дыбыстың (сондай-ақ бұл дыбыс әр кадр бойынша режимінен тынышырақ) уақытын басқаруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, дыбыстық сигнал баптау мәзірінде Beep (Дыбыстық сигнал) параметрлері үшін таңдалған параметрге қарамастан шықпайды.