«Бағытта да, түсір» режимдері (i және j)
Бұл бөлімде i және j режимдерінде фотосуреттер тұсіру әдісі сипатталған. i және j — параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына жауап ретінде фотокамера басқаратын автоматты «бағытта да, түсір» режимдері; екеуінің арасындағы жалғыз айырмашылық — j режимінде жарқыл жанбайды.
-
Режимді таңдау дискін i немесе j күйіне бұрыңыз.
Фотосуреттерді көріністапқышта немесе мониторда (тікелей көрініс) жақтауға алуға болады. Тікелей көріністі бастау үшін тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Көріністапқышпен фотосурет түсіру: фотосуреттерді көріністапқышта жақтауға алған кезде, қол тұтқасын оң қолыңызбен ұстап, камераның корпусын немесе объективті сол қолмен тіреңіз. Шынтақтарыңызды кеудеңіздің шеттеріне жақындатыңыз.
Тікелей көрініс: фотосуреттерді мониторда жақтауға алған кезде қол тұтқасын оң қолыңызбен ұстап, объективті сол қолмен тіреңіз.
Фотосуреттерді портреттік (тік) бағдарда жақтауға алу
Фотосуреттерді портреттік (тік) бағытта жақтауға алған кезде фотокамераны төменде көрсетілгендей ұстаңыз.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз.
Көріністапқышпен фотосурет түсіру: негізгі нысанды 11 фокустау нүктесінің кемінде біреуінде болып, көріністапқышта фотосуретті жақтауға алыңыз.
Тікелей көрініс: әдепкі параметрлерде фотокамера беттерді автоматты түрде анықтайды және фокустау нүктесін таңдайды. Бет анықталмаса, фотокамера кадрдың ортасына жақын нысандарды фокустайды.
Масштабтау объективін пайдалану
Фокустау алдында фокустық қашықтықты реттеу және фотосуретті жақтауға алу үшін масштабтау сақинасын бұрыңыз. Нысанның кадрдағы үлкендеу аумақты толтыруы үшін нысанды ұлғайту немесе түпкілікті фотосуреттегі көрінетін аумақты көбейту мақсатында кішірейту үшін масштабтау сақинасын пайдаланыңыз (ұлғайту үшін объективтің фокустық қашықтық шкаласында ұзынырақ фокустық қашықтықтарды, кішірейту үшін қысқарақ фокустық қашықтықтарды таңдаңыз).
-
Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Көріністапқышпен фотосурет түсіру: фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз (егер нысанға аз жарық түсіп тұрса, жарқыл шығып, АФ қосымша шамы жануы мүмкін). Фокустау әрекеті аяқталған кезде дыбыстық сигнал беріліп (нысан қозғалып тұрса, дыбыстық сигнал берілмеуі мүмкін), көріністапқышта фокустау күйінің индикаторы (I) көрінеді.
Фокустау күйінің индикаторы Сипаттама I Нысан фокуста. I
(жыпылықтайды)
Фотокамера автофокусты пайдаланып фокустай алмайды (0 Автофокуспен жақсы нәтижелерді алу). Тікелей көрініс: фотокамера фокустап тұрған кезде фокустау нүктесі жасыл болып жыпылықтайды. Егер фотокамера фокустай алса, фокустау нүктесі жасыл болып көрсетіледі; әйтпесе, фокустау нүктесі қызыл болып жыпылықтайды.
-
Суретке түсіріңіз.
Фотосуретті түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін ақырын басыңыз. Жад картасына қатынасу шамы жанады және фотосурет мониторда бірнеше секундқа көрсетіледі. Шам өшкенге және жазу аяқталғанға дейін жад картасын шығармаңыз я болмаса қуат көзін алып тастамаңыз немесе ажыратпаңыз.
Тікелей көріністен шығу үшін тікелей көрініс қосқышын айналдарыңыз.
Ысырманы босату түймешігі
Фотокамераның екі кезеңді ысырманы босату түймешігі бар. Фотокамера ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустайды. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Сондай-ақ, ысырманы босату түймешігін жартылай басу ойнатуды аяқтайды және фотокамераны бірден пайдалануға дайын етеді.
Көріністі автоматты таңдау (Көріністі авто таңдағыш)
Егер i немесе j режимінде тікелей көрініс таңдалса, фотокамера нысанды автоматты түрде талдайды және автофокусты пайдаланып фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда тиісті суретке түсіру режимін таңдайды. Таңдалған режим мониторда көрсетіледі.
c Portrait (Портрет) | Адам портретінің нысандары |
---|---|
e Close up (Жақыннан түсіру) | Фотокамераға жақын нысандар |
f Night portrait (Түнгі портрет) | Қараңғы артқы фонда жақтауға алынған портрет нысандары |
Z Автоматты/ b Автоматты (жарқыл өшірулі) |
i немесе j режиміне сәйкес немесе жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын нысандар |
Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)
Шамамен сегіз секунд бойы ешбір әрекеттер орындалмаса, көріністапқыш дисплейі батарея қуатының жұмсалуын азайту үшін өшеді. Дисплейді қайтадан қосу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Күту режимінің таймері аяқталғанға дейінгі уақыт ұзақтығын баптау мәзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) параметрін пайдаланып автоматты түрде таңдауға болады (0 Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері)).
Күту режимінің таймері (тікелей көрініс)
Шамамен он минут бойы ешбір әрекет орындалмаса, монитор өшеді. Монитор автоматты түрде өшкенге дейінгі уақыт ұзақтығын баптау мәзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) параметрін пайдаланып автоматты түрде таңдауға болады (0 Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері)).
Кірістірілген жарқыл
i режимінде дұрыс экспозиция үшін қосымша жарық қажет болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде кірістірілген жарқыл автоматты түрде шығады (0 Автоматты жарқыл шығару режимдері). Жарқыл көтерілсе, фотосуреттерді жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор (M) көрсетілген кезде ғана түсіруге болады. Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор көрсетілмесе, жарқыл зарядталуда; ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды аз ғана уақытқа алып, әрекетті қайталаңыз.
Жарқыл пайдаланылмаған кезде ілмегі шырт етіп орнына түскенше үстінен ақырын басу арқылы жабыңыз.
Тікелей көрініс масштабтауын алдын ала қарау
Монитордағы көріністі ең көбі шамамен 8,3 × дейін ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Шарлау терезесі дисплейдің төменгі оң жақ бұрышында сұр жақтауда көрінеді. Мониторда көрінбейтін кадр аумақтарына жүгірту үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе кішірейту үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Мсштабтаудан шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Тікелей көрініс режимінде суретке түсіру
Түпкілікті суретте көрсетілмесе де, мониторда кертілген шеттер, түсті жиек, муар және жарық нүктелер пайда болуы мүмкін, жыпылықтаған белгілер және басқа жылтылдайтын жарық көздері бар кейбір аумақтарда я болмаса нысанды импульстық немесе басқа жарық, бір сәттік жарық көзі жарықтандырса, жарық аумақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін. Бұған қоса, қозғалатын нысандарда бұрмалану орын алуы мүмкін, әсіресе, фотокамера көлденеңінен панорамаланса немесе кадр ішінде нысан жоғары жылдамдықпен қозғалса. Флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрийлі шамдар астында мониторда көрінетін жыпылықтау және жолақтану Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) (0 Flicker Reduction (Жыпылықтауды азайту)) арқылы азайтылады, бірақ кейбір ысырма жылдамдықтарында олар ақырғы фотосуретте бәрібір көрінуі мүмкін. Фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын орындамау нәтижесінде фотокамераның ішкі схемалары зақымдалуы мүмкін. Режимді таңдау дискі g режиміне бұралса немесе режимді таңдау дискі g режимінен басқа параметрге бұралса, тікелей көрініс автоматты түрде аяқталады.
Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуретте көрінуіне немесе экспозицияға кедергі келтіруіне жол бермеу үшін көріністапқышқа көзді жақындатпай суреттер түсіргенде көріністапқышты қолмен немесе қосымша окуляр қақпағы сияқты басқа заттармен жабу ұсынылады (0 Көріністапқышты жабу).
Экспозиция
Көрініске байланысты экспозиция тікелей көрініс пайдаланылмаған кезде қол жеткізуге болатын экспозициядан өзгеше болуы мүмкін.
HDMI
Фотокамера HDMI бейне құрылғысына жалғанған кезде бейне құрылғы объектив арқылы көріністі көрсетеді. Егер құрылғы HDMI-CEC үшін қолдау көрсетсе, тікелей көріністе суретке түсіру алдында баптау мәзіріндегі HDMI > Device control (Құрылғыны басқару) параметрі (0 Controlling the Camera with the TV Remote (Фотокамераны теледидардың қашықтан басқару пультімен басқару)) үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.