Үйлесімді жарқыл бөліктері
Фотокамераны осы бөлімде тізілген жарқыл бөліктерімен, соның ішінде Nikon компаниясының шығармашыл жарық жүйесімен (CLS) үйлесімді жарқыл бөліктерімен бірге пайдалануға болады.
CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөліктері
Nikon компаниясының жақсартылған шығармашыл жарық жүйесі жарқыл арқылы сурет түсіруді жақсарту мақсатында фотокамера мен үйлесімді жарқыл бөліктері арасындағы жақсартылған байланысты ұсынады. CLS үйлесімді бөліктерде қолжетімді мүмкіндіктер төменде тізілген; мәліметтерді жарқыл бөлігімен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықта қараңыз.
SB-5000 | SB-910, SB-900, SB-800 | SB-700 | SB-600 | SB-500 | SU-800 | SB-R200 | SB-400 | SB-300 | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жалғыз жарқыл | i-TTL | Сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл 1 | — | — | ||||||||
Сандық айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL толықтырғыш жарқыл | 2 | 2 | 2 | — | — | |||||||
%A | Автоматты апертура | 3 | — | — | — | — | — | — | — | |||
A | TTL емес автоматты режим | — 4 | 3 | — | — | — | — | — | — | — | ||
GN | Қашықтық басымдығы бар қол режимі | — | — | — | — | — | — | |||||
M | Қол режимі | 5 | — | — | 5 | 5 | ||||||
RPT | Бірнеше рет жанатын жарқыл | — | — | — | — | — | — | — | ||||
Оптикалық жақсартылған сымсыз жарық жүйесі | Негізгі | Қашықтан жарқылды басқару | — | — | — | — | — | |||||
i-TTL | i-TTL | — | — | — | — | — | — | |||||
[A:B] | Жылдам сымсыз жарқылды басқару | — | — | — | 6 | — | — | — | ||||
%A | Автоматты апертура | 7 | — | — | — | — | — | — | — | |||
A | TTL емес автоматты режим | — | — | — | — | — | — | — | — | |||
M | Қол режимі | — | — | — | — | — | — | |||||
RPT | Бірнеше рет жанатын жарқыл | — | — | — | — | — | — | — | ||||
Қашықтан | i-TTL | i-TTL | — | — | — | |||||||
[A:B] | Жылдам сымсыз жарқылды басқару | — | — | — | ||||||||
%A/A | Автоматты апертура/ TTL емес автоматты |
8 | 7 | — | — | — | — | — | — | — | ||
M | Қол режимі | — | — | — | ||||||||
RPT | Бірнеше рет жанатын жарқыл | — | — | — | — | |||||||
Радио арқылы басқарылатын жақсартылған сымсыз жарық жүйесі | — | — | — | — | — | — | — | — | — | |||
Түс температурасы туралы ақпарат (жарқыл) | — | — | ||||||||||
Түс туралы ақпаратты тарату (LED шамы) | — | — | — | — | — | — | — | — | ||||
Бірнеше аумақты автофокустау кезіне арналған АФ қосымша жарығы | — | 9 | — | — | — | |||||||
Қызыл көз әсерін азайту | — | — | — | |||||||||
Фотокамераның жарқыл режимін таңдау | — | — | — | — | — | — | ||||||
Фотокамераның жарқыл бөлігінің бағдарлама жасақтамасын жаңарту | 10 | — | — | — | — |
Нүктелі экспоөлшегішпен бірге қол жетімді емес.
Жарқыл бөлігімен де таңдауға болады.
%A/A режимін таңдау жарқыл бөлігінде қолданушы параметрлерін пайдаланып орындалды. Объектив E немесе G түріне жатпаса, «A» таңдалады.
Объектив E немесе G түріне жатпаса, «A» таңдалады.
Тек фотокамера арқылы таңдауға болады (0 Flash Cntrl for Built-in Flash/Optional Flash (Кірістірілген жарқылға арналған жарқылды басқару тетігі/қосымша жарқыл)).
Тек жақыннан фотосурет түсіру кезінде қол жетімді.
Объектив түрі E немесе G болмаса, жарқыл бөлігі арқылы таңдалған режимге қарамастан «A» таңдалады.
%A және A таңдау негізгі жарқыл арқылы таңдалған параметрге байланысты.
Тек басқару құралы режимінде қол жетімді.
SB-910 және SB-900 үшін бағдарлама жасақтамасының жаңартымын фотокамерадан орындауға болады.
SU-800 сымсыз Speedlight басқару құралы: CLS үйлесімді фотокамераға бекітілген кезде үш топқа дейінгі SB-5000, SB-910, SB-900, SB-800, SB-700, SB-600, SB-500 немесе SB-R200 жарқыл бөліктері үшін басқару құралы ретінде SU-800 пайдалануға болады. SU-800 өзі жарқылмен жабдықталмайды.
Өзге жарқыл бөліктері
TTL емес автоматты және қолмен реттелетін режимдерде келесі жарқыл бөліктерін пайдалануға болады. Фотокамера S немесе M режимінде болғанда және 1/200 с немесе баяуырақ ысырма жылдамдығы таңдалғанда пайдаланыңыз.
Жарқыл бөлігі Жарқыл режимі |
SB-80DX, SB-28DX, SB-28, SB-26, SB-25, SB-24 | SB-50DX 1 | SB-30, SB-27 2, SB-22S, SB-22, SB-20, SB-16B, SB-15 | SB-23, SB-29 3, SB-21B 3, SB-29S 3 | |
---|---|---|---|---|---|
A | TTL емес автоматты режим | — | — | ||
M | Қол режимі | ||||
G | Бірнеше рет жанатын жарқыл | — | — | — | |
REAR | Артқы пердемен синхрондау 4 |
P, S, A немесе M режимін таңдаңыз, кірістірілген жарқылды түсіріңіз және тек қосымша жарқылы бөлігін пайдаланыңыз.
Жарқыл режимі автоматты түрде TTL режиміне орнатылады және ысырманы босату ажыратылады. Жарқыл бөлігін A (TTL емес автоматты жарқыл) күйіне орнатыңыз.
Автофокус тек AF-S VR Micro-Nikkor 105 мм f/2.8G IF-ED және AF-S Micro NIKKOR 60 мм f/2.8G ED объективтерінде қол жетімді болады.
Фотокамера жарқыл режимін таңдау үшін пайдаланылған кезде қол жетімді.
AS-15 синхрондау терминалының адаптері
AS-15 синхрондау терминалының адаптері (бөлек сатылады) фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген кезде жарқылдың керек-жарақтарын синхрондау кабелі арқылы жалғауға болады.
Тек Nikon жарқылының керек-жарақтарын пайдаланыңыз
Тек Nikon жарқыл бөліктерін пайдаланыңыз. Керек-жарақтарға арналған құрылғыға қолданылатын теріс кернеулер немесе 250 В асатын кернеулер қалыпты жұмысқа кедергі келтіріп қана қоймай, фотокамераның немесе жарқылдың синхрондау тізбегін зақымдауы мүмкін. Осы бөлімде көрсетілмеген Nikon жарқыл бөлігін пайдалану алдында қосымша ақпарат алу үшін Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Қосымша жарқыл бөліктеріне қатысты ескертпелер
Толық нұсқауларды Speedlight жарқыл бөлігі нұсқаулығынан қараңыз. Егер жарқыл бөлігі CLS үшін қолдау көрсетсе, CLS үйлесімді сандық айналы фотокамералар туралы бөлімді қараңыз. SB-80DX, SB-28DX және SB-50DX нұсқаулықтарында D3500 «сандық айналы фотокамера» санатына қосылмаған.
Егер қосымша жарқылы бөлігі j, % және 3 режимдерінен басқа суретке түсіру режимдерінде жалғанса, жарқыл әрбір түсірілімде жанады, тіпті кірістірілген жарқылды пайдалануға болмайтын режимдерде де.
i-TTL жарқылды басқару тетігін 100 және 12800 аралығындағы ISO сезімталдықтарында пайдалануға болады. Жоғары ISO сезімталдықтарында кейбір қосымша жырқылы бөліктерімен түсірілген фотосуреттерде бұрмалану (сызықтар) пайда болуы мүмкін; егер бұл орын алса, төменірек мәнді таңдаңыз. Егер фотосурет түсірілгеннен кейін жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор шамамен үш секунд бойы жыпылықтаса, жарқыл толық қуатында жанған және фотосурет жарық көзінде кем ұсталған болуы мүмкін (тек CLS үйлесімді жарқыл бөліктері; басқа бөліктердегі экспозиция және жарқылды зарядтау индикаторлары туралы ақпаратты жарқылмен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықтан қараңыз).
Фотокамераға орнатылмаған жарқылды пайдаланып фотосурет түсіру үшін SC сериялы 17, 28 немесе 29 синхрондау кабелі пайдаланылған кезде i-TTL режимінде дұрыс экспозиция алынбауы мүмкін. Стандартты i-TTL жарқылды басқару тетігін таңдау үшін нүктелі экспоөлшегішті таңдаған жөн. Сынақ түсірілім жасап, нәтижелерін мониторда қараңыз.
i-TTL режимінде жарқыл бөлігімен берілген жарқыл панелін немесе жарықты сейілту адаптерін пайдаланыңыз. Жарықты сейілту панельдері сияқты өзге панельдерді пайдаланбаңыз, себебі бұл дұрыс экспозиция бермеуі мүмкін.
Егер жарқыл түзетілімін орнату үшін қосымша SB-5000, SB-910, SB-900, SB-800, SB-700 немесе SB-600 жарқыл бөлігіндегі немесе SU-800 сымсыз Speedlight басқару құралындағы басқару тетіктері пайдаланылса, ақпараттық дисплейде Y пайда болады.
SB-5000, SB-910, SB-900, SB-800, SB-700, SB-600, SB-500 және SB-400 қызыл көз әсерін азайтуды қамтамасыз етеді, ал SB-5000, SB-910, SB-900, SB-800, SB-700, SB-600 және SU-800 мына шектеулермен АФ қосымша жарығын қамтамасыз етеді:
SB-5000: АФ қосымша жарығы көрсетілген фокустау нүктелері бар 24–135 мм AF объективтерін пайдаланғанда қолжетімді болады.
SB-910 және SB-900: АФ қосымша жарығы көрсетілген фокустау нүктелері бар 17–135 мм AF объективтерін пайдаланғанда қолжетімді болады.
SB-800, SB-600 және SU-800: АФ қосымша жарығы көрсетілген фокустау нүктелері бар 24–105 мм AF объективтерін пайдаланғанда қолжетімді болады.
SB-700: АФ қосымша жарығы көрсетілген фокустау нүктелері бар 24–135 мм AF объективтерін пайдаланғанда қолжетімді болады.
Пайдаланылатын объективке және жазылатын көрініске байланысты нысан фокуста болмаған кезде фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетілуі мүмкін немесе фотокамера фокустай алмауы мүмкін, сөйтіп ысырманы босату өшіріледі.