Батареяны және жад картасын салу
Батареяны немесе жад карталарын салу немесе алу алдында қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Сарғылт түсті батарея ілмегін бір жаққа басылған күйде ұстау үшін батареяны пайдалана отырып, батареяны көрсетілгендей салыңыз. Батарея толық салынған кезде ілмек батареяны орнында құлыптайды.
Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына шырт етіп түскенше сырғытыңыз.
Батареяны және жад карталарын алу
Батареяны алу
Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріп, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басып, батареяны босатыңыз да, батареяны қолмен алыңыз.
Жад карталарын алу
Жад картасына қатынасу шамының өшкеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріп, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және шығару үшін картаны басыңыз (q). Осыдан кейін жад картасын қолмен суыруға болады (w).
Жад карталары
- Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан алған кезде абай болыңыз.
- Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзінен суырмаңыз немесе ажыратпаңыз. Осы сақтық шаралары қолданылмаса, деректердің жоғалуы я болмаса фотокамера немесе жад картасы зақымдалуы мүмкін.
- Жад картасының шеттеріне саусақпен немесе металл заттармен тимеңіз.
- Имеңіз, түсіріп алмаңыз немесе қатты соққы алуына жол бермеңіз.
- Жад картасын салу кезінде күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасы қолданылмаса, жад картасы зақымдалуы мүмкін.
- Судың, ыстықтың, жоғары ылғалдылықтың немесе күннің тік сәулелерінің әсер етуіне жол бермеңіз.
- Жад карталарын компьютерге салып пішімдемеңіз.