Басқа керек-жарақтар
Nikon фотокамераңыз үшін әртүрлі керек-жарақтар қолжетімді.
Қуат көздері |
|
---|---|
Сүзгілер |
|
Көріністапқыш окулярының керек-жарақтары |
|
Корпус қақпағы | BF-1B корпус қақпағы/BF-1A корпус қақпағы: корпус қақпағы объектив орнында болмағанда айнаны, көріністапқыш экранын және кескін сенсорын шаңнан таза ұстайды. |
Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпақтары | BS-1 керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы: керек-жарақтарға арналған құрылғыны қорғайтын қақпақ. Керек-жарақтарға арналған құрылғы қосымша жарқыл бөліктері үшін пайдаланылады. |
USB кабельдер | UC-E20 USB кабелі (0 Суреттерді компьютерге көшіру, Принтерді қосу): фотокамераға қосуға арналған Micro-B жалғағышы бар USB кабель. |
HDMI кабельдері | HC-E1 HDMI кабелі (0 Суреттерді теледидарда көру): фотокамераға қосуға арналған C түріне жататын жалғағышы және HDMI құрылғыларына қосуға арналған A түріне жататын жалғағышы бар HDMI кабелі. |
Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағын жалғау және алу
Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы керек-жарақтарға арналған құрылғыға көрсетілгендей сырғып кіреді. Қақпақты алу үшін фотокамераны қатты ұстаңыз, қақпақты басбармақпен төмен басыңыз және көрсетілген бағытта ішке сырғытыңыз.
Көріністапқыш окулярының керек-жарақтарын жалғау және алу
Керек-жарақтарды жалғау үшін резеңке көзүсті қалқанды алыңыз (q) және керек-жарақты окулярға көрсетілгендей сырғытыңыз (w). Қайтадан қажет болғанша көзқалқанды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Керек-жарақтарды e суретінде көрсетілгендей алыңыз. Керек-жарақты алғаннан кейін көзқалқанды қайта орнатыңыз (r).
Көзқалқанды немесе көріністапқыш окулярының керек-жарақтарын алу кезінде фотокамераны қатты ұстаңыз.
Қосымша керек-жарақтар
Қол жетімділік елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Соңғы ақпаратты веб-сайттан немесе кітапшалардан қараңыз.
Рұқсат етілген жад карталары
Фотокамера SD, SDHC және SDXC жад карталарын, соның ішінде, UHS-I үйлесімді SDHC және SDXC карталарын қолдайды. SD 6 жылдамдық сыныбымен белгіленген немесе жақсырақ карталар бейнефильм жазу үшін ұсынылады; баяуырақ карталарды пайдалану жазудың үзілуіне әкелуі мүмкін. Жад картасын оқу құралдарында пайдалану үшін карталарды таңдаған кезде бұл карталар құрылғымен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз. Мүмкіндіктер, пайдалану және пайдалану шектеулері туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
Қуат жалғағышын және айнымалы ток адаптерін жалғау
Қосымша қуат жалғағышы мен айнымалы ток адаптерін жалғаудан бұрын фотокамераны өшіріңіз.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Батарея бөлімінің (q) және қуат жалғағышының (w) қақпақтарын ашыңыз.
-
EP-5A қуат жалғағышын салыңыз.
Қызғылт түсті батарея ілмегін бір жаққа басылған күйде ұстау үшін жалғағышты пайдалана отырып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Жалғағыш толығымен салынғанына көз жеткізіңіз.
-
Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышының кабелін қуат жалғағышының ұяшығы арқылы өтетіндей етіп қойыңыз және батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
-
EH-5b айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
Айнымалы ток адаптерінің қуат кабелін айнымалы ток адаптеріндегі айнымалы ток ұяшығына (e) және қуат кабелін тұрақты ток ұяшығына (r) жалғаңыз. Фотокамера айнымалы ток адаптерімен және қуат жалғағышымен қосылған кезде P белгішесі мониторда көрсетіледі.