Фотокамераны анықтығы жоғары бейне құрылғыларға қосу үшін қосымша High-Definition Multimedia Interface (HDMI) кабелін (0 Басқа керек-жарақтар) пайдалануға болады. HDMI кабелін жалғаудан немесе ажыратудан бұрын әрдайым фотокамераны өшіріңіз.

Фотокамераға жалғау

Анықтығы жоғары құрылғыға қосылу
(HDMI құрылғысына арналған жалғағышы бар кабельді таңдаңыз)

Құрылғыны HDMI арнасына реттеңіз, содан кейін фотокамераны қосып, K түймешігін басыңыз. Қарау кезінде кескіндер теледидар экранында көрсетіледі. Кескіндердің шеттері көрінбеуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Қарау дыбыс деңгейі

Дыбыс деңгейін теледидардың басқару тетіктері арқылы реттеуге болады; фотокамераның басқару тетіктерін пайдалану мүмкін болмайды.

Теледидарда қарау

Ұзақ ойнату үшін айнымалы ток адаптерін (бөлек сатылады) пайдаланған жөн.

Шығыс ажыратымдылықты таңдау

HDMI құрылғысына шығарылатын кекіндердің пішімін таңдау үшін фотокамераның баптау мәзірінде HDMI > Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) параметрін таңдаңыз (0 B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау). Егер Auto (Авто) күйі таңдалған болса, фотокамера тиісті пішімді автоматты түрде таңдайды.

Фотокамераны теледидардың қашықтан басқару пультімен басқару

Егер фотокамера HDMI-CEC қолдауы бар теледидарға жалғанып, фотокамера мен теледидар қосулы кезде баптау мәзіріндегі HDMI > Device control (Құрылғыны басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса (0 B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау), толық өлшемде қарау және слайд көрсетілімдері кезінде теледидардың қашықтан басқару пультін фотокамераның мульти селекторының және J түймешігінің орнына пайдалануға болады. Егер Off (Өшірулі) күйі таңдалған болса, теледидардың қашықтан басқару пультін фотокамераны басқару үшін пайдалану мүмкін емес, бірақ фотокамераны тікелей көріністе фотосуреттерді және бейнефильмдерді түсіру үшін пайдалануға болады.

HDMI-CEC құрылғылары

HDMI-CEC (High-Definition Multimedia Interface–Consumer Electronics Control) — HDMI құрылғыларын өздері қосылған перифериялық құрылғыларды басқару үшін пайдалануға мүмкіндік беретін стандарт. Фотокамера HDMI-CEC құрылғысына жалғанған кезде қалған кадрлар санының орнына көріністапқышта ) көрсетіледі.

1920 × 1080 60p/50p

Movie settings (Бейнефильм параметрлері) > Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін 1920×1080; 60p немесе 1920×1080; 50p мәнін таңдау жазу кезінде HDMI құрылғыларына шығарылатын деректердің ажыратымдылығында және кадр жылдамдығында ауытқуларды тудыруы мүмкін.

HDMI > Шығыс ажыратымдылық

Бейнефильмдерді 1920×1080; 60p немесе 1920×1080; 50p ажыратымдылығында көрсету мүмкін емес. Кейбір құрылғылар Output resolution (Шығыс ажыратымдылық) параметрінің Auto (Автоматты) күйіне қолдау көрсетпеуі мүмкін.