Таңдалған әсердің параметрлері тікелей көрініс дисплейінде реттеледі.

U Photo illustration (Фотоиллюстрация)

  1. Тікелей көріністі таңдаңыз.

    Тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі.

    Тікелей көрініс қосқышы

  2. Контур қалыңдығын реттеңіз.

    Параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз. Контурларды қалыңырақ немесе жұқарақ ету үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз.

  3. J түймешігін басыңыз.

    Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Тікелей көріністен шығу үшін тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз.

' Toy camera effect (Ойыншық фотокамера әсері)

  1. Тікелей көріністі таңдаңыз.

    Тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі.

    Тікелей көрініс қосқышы

  2. Параметрлерді реттеңіз.

    Параметрлерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз. Vividness (Жандылық) немесе Vignetting (Виньеттеу) параметрін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және өзгерту үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Түстердің қанығуын арттыру немесе азайту үшін жандылықты, виньеттеу мөлшерін басқару үшін виньеттеуді реттеңіз.

  3. J түймешігін басыңыз.

    Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Тікелей көріністен шығу үшін тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз.

( Miniature effect (Миниатюра әсері)

  1. Тікелей көріністі таңдаңыз.

    Тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі.

    Тікелей көрініс қосқышы

  2. Фокустау нүктесін орнатыңыз.

    Мульти селекторды пайдаланып фокустау нүктесін фокуста болатын аумаққа орналастырыңыз, содан кейін фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Миниатюра әсері параметрлерін дисплейден уақытша тазалау және дәл фокустау үшін мониторда көріністі ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Миниатюра әсері дисплейін қалпына келтіру үшін W (Q) түймешігін басыңыз.

  3. Параметрлерді көрсетіңіз.

    Миниатюра әсері параметрлерін көрсету үшін J түймешігін басыңыз.

  4. Параметрлерді реттеңіз.

    Фокуста болатын аумақтың бағытын таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, содан кейін оның енін реттеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.

  5. J түймешігін басыңыз.

    Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Тікелей көріністен шығу үшін тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз.

3 Selective color (Таңдамалы түс)

  1. Тікелей көріністі таңдаңыз.

    Тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз. Объективтегі көрініс мониторда көрсетіледі.

    Тікелей көрініс қосқышы

  2. Параметрлерді көрсетіңіз.

    Таңдамалы түс параметрлерін көрсету үшін J түймешігін басыңыз.

  3. Түсті таңдаңыз.

    Соңғы кескінде қалатын түс ретінде нысан түсін таңдау үшін нысанды дисплейдің ортасындағы ақ шаршы ішіне жақтауға алып, 1 түймешігін басыңыз (фотокамераға қанық емес түстерді анықтау қиын болуы мүмкін; қанық түсті таңдаңыз). Түсті дәлірек таңдау мақсатында дисплейдің ортасын ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Кішірейту үшін W (Q) түймешігін басыңыз.

    Таңдалған түс

  4. Түс ауқымын таңдаңыз.

    Соңғы кескінде болатын ұқсас реңктер ауқымын кеңейту немесе кішірейту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 1 және 7 аралығындағы мәндерден таңдаңыз; жоғары мәндерде басқа түстерден реңктер болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

    Түс ауқымы

  5. Қосымша түстерді таңдаңыз.

    Қосымша түстерді таңдау үшін дисплейдің жоғарғы жағындағы үш түс жолағының біреуін белгілеу үшін басқару дискін бұраңыз және басқа түсті таңдау үшін 3- және 4-қадамдарды қайталаңыз. Қажет болса, үшінші түс үшін қайталаңыз. Белгіленген түстен таңдауды алу үшін O түймешігін басыңыз (Барлық түстерді жою үшін O түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; Yes (Иә) жауабын таңдаңыз).

  6. J түймешігін басыңыз.

    Параметрлерді орнату аяқталған кезде шығу үшін J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру кезінде тек таңдалған реңктегі нысандар түрлі-түсті болып жазылады; басқа нысандар қара және ақ түсте жазылады. Тікелей көріністен шығу үшін тікелей көрініс қосқышын айналдырыңыз.