Жақынырақ қарау: ойнатуды масштабтау
Толық өлшемде қарау режимінде көрсетілген кескінді немесе сурет нобайын немесе күнтізбені қарау режимінде белгіленген кескінді ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Масштабтау қосулы кезде мына әрекеттерді орындауға болады:
Мақсат | Сипаттама |
---|---|
Ұлғайту немесе кішірейту/кескіннің басқа аумақтарын көру |
Шамамен ең көбі 38× (үлкен кескіндер), 28 × (орташа кескіндер) немесе 19 × (кішкентай кескіндер) есе ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Кішірейту үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Фотосурет ұлғайтылған кезде, суреттің мониторда көрінбейтін аумақтарын қарау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Кадрдың басқа аумақтарына жылдам өту үшін мульти селекторды басып тұрыңыз. Масштабтау арақатынасы өзгертілгеннен кейін шарлау терезесі бірнеше секунд бойы көрсетіледі; мониторда қазіргі уақытта көрінетін аумақ сары жиекпен көрсетіледі. Шарлау терезесінің астындағы жолақ масштабтау арақатынасын көрсетеді. 1 : 1 арақатынасында ол жасыл түске айналады. |
Кескінді кесу | Кескінді қазіргі уақытта мониторда көрінетін аумаққа кесу үшін P түймешігін басып, Trim (Кадр шеттерін кесу) пәрменін таңдаңыз (0 Фотосуреттерді кесу). |
Беттерді ұлғайту | Фотокамера анықтаған беттерді ұлғайту үшін P түймешігін басып, Face zoom (Бетті масштабтау) пәрменін таңдаңыз (0 Бетті масштабтау). Бұл параметр беттер анықталғанда ғана қол жетімді. Беттер RGB гистограммасы (0 RGB Histogram (RGB гистограммасы)) дисплейі ұлғайтылған кезде анықталса, Face zoom (Бетті масштабтау) пәрмені P түймешігінің мәзірінде қолжетімді болады (дегенмен, Trim (Кадр шеттерін кесу) қолжетімді болмайды). |
Басқа кескіндерді көру | Ойнатуды масштабтау бейнефильм көрсетілген кезде тоқтатылады. Ағымдағы масштабтау арақатынасында басқа кескіндердегі дәл сол орынды көру үшін басқару дискін бұраңыз. |
Ұлғайтуды тоқтату | Масштабтауды болдырмау және толық өлшемде қарауға оралу үшін J түймешігін басыңыз. |
Қорғау күйін өзгерту | Кескіндерді қорғау немесе олардан қорғауды алу үшін A (L) түймешігін басыңыз (0 Фотосуреттерді өшірілуден қорғау). |
Фотосуреттерді кесу
Ойнатуды масштабтау кезінде көрсетілетін фотосуреттерді қазіргі уақытта мониторда көрінетін аумаққа дейін кесу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
P түймешігін басыңыз.
Масштабты реттеуден және фотосуретті сақтағыңыз келетін аумақ қана мониторда көрінгенше жүгірте қараудан кейін P түймешігін басыңыз.
-
Trim (Кадр шеттерін кесу) пәрменін таңдаңыз.
Trim (Кадр шеттерін кесу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Done (Дайын) пәрменін таңдаңыз.
Тек мониторда көрсетілген кескін бөлігін қамтитын кесілген көшірмені жасау үшін Done (Дайын) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Бетті масштабтау
Фотокамера анықтаған бетті ұлғайту үшін масштабтау дисплейінде P түймешігін басыңыз, содан кейін Face zoom (Бетті масштабтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Ағымдағы нысан шарлау терезесінде ақ жақтау арқылы көрсетіледі. Ұлғайту немесе кішірейту үшін X немесе W (Q) түймешігін басыңыз, я болмаса, басқа беттерді көру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.