Фокустау
Фокусты автоматты түрде (төменде қараңыз) немесе қолмен (0 Manual Focus (Қолмен реттелетін фокус)) реттеуге болады. Қолданушы автоматты немесе қолмен реттелетін фокустың фокустау нүктесін таңдай (0 Фокустау нүктесін қолмен таңдау) немесе фокустағаннан кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін фокустау құлпын пайдалана алады (0 Focus Lock (Фокус құлпы)).
- Focus Mode (Фокустау режимі)
- AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)
- Фокустау құлпы
- Қолмен реттелетін фокус
Focus Mode (Фокустау режимі)
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру кезінде келесі фокустау режимдерін таңдауға болады:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
AF-A | Auto-servo AF (Бақылағыш АФ режимін автоматты түрде таңдау) | Фотокамера нысан қозғалмаса әр кадр бойынша бақылағыш автофокустауды, нысан қозғалыста болса үздіксіз бақылағыш автофокусты автоматты түрде таңдайды. Ысырманы фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады. |
AF-S | Single-servo AF (Әр кадр бойынша бақылағыш АФ) | Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады. Ысырманы фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады. |
AF-C | Continuous-servo AF (Үздіксіз бақылағыш АФ) | Қозғалатын нысандар үшін. Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фотокамера үздіксіз фокустайды. Ысырманы фотокамера фокустай алған кезде ғана босатуға болады. |
MF | Manual focus (Қолмен реттелетін фокус) | Қолмен фокустау (0 Manual Focus (Қолмен реттелетін фокус)). |
AF-S және AF-C тек P, S, A және M режимдерінде қол жетімді екенін ескеріңіз.
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде келесі фокустау режимдерін таңдауға болады:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
AF-S | Single-servo AF (Әр кадр бойынша бақылағыш АФ) | Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады. |
AF-F | Full-time-servo AF (Тұрақты бақылағыш АФ) | Қозғалатын нысандар үшін. Ысырманы босату түймешігі басылғанша фотокамера үздіксіз фокустайды. Фокус ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде құлыпталады. |
MF | Manual focus (Қолмен реттелетін фокус) | Қолмен фокустау (0 Manual Focus (Қолмен реттелетін фокус)). |
U, ' және ( режимдерінде AF-F қолжетімді емес екенін ескеріңіз.
Фокустау режимін таңдау
Фокустау режимін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Фокустау режимінің параметрлерін көрсетіңіз.
P түймешігін басыңыз, ақпараттық дисплейде ағымдағы фокустау режимін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Фокустау режимін таңдаңыз.
Фокустау режимін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.
Болжалды бақылағыш фокустау
AF-C режимінде немесе көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда нысан фотокамераға қарай қозғалса, фотокамера болжалды бақылағыш фокустауды іске қосады. Бұл фотокамераға ысырма босатылған кезде нысанның қай жерде болатынын болжау әрекеті барысында фокусты бақылауға мүмкіндік береді.
Үздіксіз бақылағыш автофокус
AF-C режимінде немесе AF-A режимінде үздіксіз бақылағыш автофокус таңдалған кезде фотокамера AF-S режимімен салыстырғанда фокустау реакциясына көбірек басымдық береді (фокустау ауқымы кеңірек болады), сондықтан ысырманы фокустау күйінің индикаторы көрсетілгенге дейін босатуға болады.
Автофокус көмегімен жақсы нәтижелерге қол жеткізу
Автофокус төменде көрсетілген жағдайларда жақсы нәтиже көрсетпейді. Фотокамера бұл жағдайларда фокустай алмаса, ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылуы мүмкін немесе фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетіліп, фотокамера дыбыстық сигнал шығаруы мүмкін, бұл нысан фокуста болмаған кездің өзінде де ысырманы босатуға мүмкіндік береді. Осындай жағдайларда қолмен фокустаңыз (0 Manual Focus (Қолмен реттелетін фокус)) немесе қашықтығы бірдей басқа нысанға фокустау үшін фокустау құлпын (0 Focus Lock (Фокус құлпы)) пайдаланып, фотосуретті қайта жиектеңіз.
Нысан мен артқы фон арасындағы контраст төмен немесе тіпті жоқ.
Мысал: нысанның түсі артқы фон түсімен бірдей.
Фокустау нүктесі фотокамерадан әр түрлі қашықтықта орналасқан нысандарды қамтиды.
Мысал: нысан тор ішінде.
Нысанда қалыпты геометриялық пішіндер басым.
Мысал: жалюзи немесе көпқабатты үйдегі терезелер қатары.
Фокустау нүктесі анық контрасты бар жарық аумақтарды қамтиды.
Мысал: нысан жартылай көлеңкеде.
Артқы фондағы нысандар нысаннан үлкендеу көрінеді.
Мысал: кадрға нысанның артындағы ғимарат кіріп тұр.
Нысан көптеген кішігірім элементтерден құралған.
Мысал: гүлге толы алаң я болмаса кішкентай немесе жарықтығы бірдей басқа нысандар.
АФ қосымша шамы
Нысан жеткіліксіз жарықтандырылса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде АФ қосымша шамы автофокус әрекетіне көмектесу үшін автоматты түрде жанады (кейбір шектеулер қолданылуы мүмкін; 0 АФ қосымша шамы жанбайды). Жылдам қатарынан бірнеше рет пайдаланылса шам қызатынын және үздіксіз пайдалану кезеңінен кейін шамды қорғау үшін автоматты түрде өшетінін ескеріңіз. Қысқа кідірістен кейін қалыпты жұмысы қалпына келеді.
AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)
Автофокус үшін фокустау нүктесін таңдау әдісін таңдаңыз. Көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде төмендегі параметрлер қол жетімді.
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
c | Single-point AF (Жалғыз нүктелі АФ) | Қозғалмайтын нысандар үшін. Фокустау нүктесі қолмен таңдалады; фотокамера тек таңдалған фокустау нүктесінде нысанға фокусталады. |
d | Dynamic-area AF (Динамикалық аумақ АФ) | Қозғалатын нысандарға арналған. AF-A және AF-C фокустау режимдерінде қолданушы мульти селектормен фокустау нүктесін таңдайды (0 Фокустау нүктесін қолмен таңдау), бірақ нысан таңдалған нүктеден қысқа уақытқа шықса, фотокамера айналасындағы фокустау нүктелерінен алынған ақпарат негізінде фокустайды. |
f | 3D-tracking (11 points) (3D бақылау (11 нүкте)) |
AF-A және AF-C фокустау режимдерінде қолданушы фокустау нүктесін мульти селекторды пайдаланып таңдайды (0 Фокустау нүктесін қолмен таңдау). Нысан фотокамера фокустағаннан кейін қозғалса, фотокамера жаңа фокустау нүктесін таңдау үшін 3D бақылауды пайдаланады және ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокусты бастапқы нысанда құлыптаулы ұстайды. |
e | Auto-area AF (АФ аумағын автоматты түрде таңдау) | Фотокамера нысанды автоматты түрде анықтап, фокустау нүктесін таңдайды. |
Фокустау режимі үшін AF-S таңдалған кезде d (Dynamic-area AF (Динамикалық аумақ АФ)) және f (3D-tracking (11 points) (3D бақылау (11 нүкте))) АФ режимдері қол жетімді болмайтынын ескеріңіз.
3D бақылау (11 нүкте)
Нысан көріністапқыштан шығып кетсе, ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды алып, нысанды таңдалған фокустау нүктесінде орналастырып, фотосуретті қайта жиектеңіз. Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустау нүктесінің айналасындағы аумақтағы түстер фотокамерада сақталатынын ескеріңіз. Сондықтан, 3D бақылау түсі артқы фонға ұқсас немесе кадрдың өте кішкентай аумағын алып тұрған нысандарда қажет нәтижелерді бермеуі мүмкін.
i, j және ( режимдерінен басқа режимдерде тікелей көріністе келесі АФ аумағының режимдерін таңдауға болады:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
6 | Face-priority AF (Бет басымдығы бар АФ) |
Портреттер үшін пайдаланыңыз. Фотокамера портреттік нысандарды автоматты түрде анықтап, оларға фокусталады; таңдалған нысан қос сары жиекпен көрсетіледі (бірнеше бет анықталса, фотокамера ең жақын нысанда фокусталады; басқа нысанды таңдау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз). Егер фотокамера енді нысанды анықтай алмаса (мысалы, нысан бетін фотокамерадан әрі бұрылғандықтан), жиек енді көрсетілмейді. |
7 | Wide-area AF (Кең аумақты АФ) |
Пейзаждарды және басқа портреттік емес нысандарды қолыңызға ұстаған күйі түсіру үшін пайдаланыңыз. |
8 | Normal-area AF (Қалыпты аумақты АФ) |
Жақтаудағы таңдалған тұсты дәлірек фокустау үшін пайдаланыңыз. Штативті пайдаланған жөн. |
9 | Subject-tracking AF (Нысанды бақылағыш АФ) |
Мульти селекторды пайдаланып фокустау нүктесін нысан үстінде орналастырып, бақылауды бастау үшін J түймешігін басыңыз. Фокустау нүктесі таңдалған нысанды жақтау ішінде қозғалған кезде бақылайды. Бақылауды аяқтау үшін J түймешігін қайта басыңыз. Егер нысандар жылдам қозғалса, жақтаудан шығып кетсе немесе басқа нысандармен жабылып қалса, өлшем, түс немесе жарықтық өзгерістері көрінсе немесе тым кішкентай, тым үлкен, тым жарық, тым күңгірт немесе артқы фонмен түсі немесе жарықтығы ұқсас болса, фотокамера оларды бақылай алмауы мүмкін екенін ескеріңіз. |
%, U, ' және 3 режимдерінде нысанды бақылағыш АФ қол жетімді емес екенін ескеріңіз.
Фокустау нүктесін қолмен таңдау
Фокустау нүктесін таңдау үшін мульти селекторды пайдалануға болады. Нысанды бақылағыш АФ режимін қоспағанда фокустау нүктесін таңдау кезінде J түймешігін басу орталық фокустау нүктесін таңдайды. Нысанды бақылағыш АФ режимінде J түймешігін басу оның орнына нысанды бақылауды іске қосады. Фокустау нүктесін қолмен таңдау АФ аумағын автоматты түрде таңдау режимінде қол жетімді емес.
АФ аумағының режимін таңдау
АФ аумағының режимін таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
АФ аумағының режимі параметрлерін көрсетіңіз.
P түймешігін басыңыз, ақпараттық дисплейде ағымдағы АФ аумағының режимін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
АФ аумағының режимін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.
AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)
P, S, A немесе M режимдерін қоспағанда басқа суретке түсіру режимдерінде жасалған АФ аумағының режимі таңдаулары басқа суретке түсіру режимі таңдалған кезде қалпына келтіріледі.
Автофокусты тікелей көріністе пайдалану
Телескопиялық түрлендіргіштер арқылы қажет нәтижелерге қол жетпеуі мүмкін. Тікелей көріністе автофокус баяуырақ екенін және монитор фотокамера фокусталып жатқанда жарықтануы немесе күңгірттенуі мүмкін екенін ескеріңіз. Фотокамера фокустай алмаған кезде фокустау нүктесі кейде жасыл түспен көрсетілуі мүмкін. Фотокамера мына жағдайларда фокустай алмауы мүмкін:
- Нысанның жақтаудың ұзын жағына параллель орналасқан сызықтары бар
- Нысанның контрасты жеткіліксіз
- Фокустау нүктесіндегі нысанның қатты контрасты бар жарық аумақтары бар немесе нысанның бір ғана тұстан шығатын жарығы, неон белгісі немесе жарықтығы өзгеріп тұратын өзге жарық көзі бар
- Флюоресцентті, сынап газ разрядты, натрий газ разрядты немесе соларға ұқсас жарық астында жыпылықтау немесе жолақтану іздері орын алады
- Айқас (жұлдызша) түріндегі сүзгі немесе басқа арнайы сүзгі пайдаланылған
- Нысан фокустау нүктесінен кішілеу көрінеді
- Нысанға тұрақты геометриялық пішіндер (мысалы, перделер немесе көпқабатты үй терезелерінің қатары) әсер етеді
- Нысан қозғалыста
Фокустау құлпы
Фокустау құлпын AF-A, AF-S және AF-C фокустау режимдерінде фокустағаннан кейін кадр жиектемесін өзгерту үшін пайдалануға болады (0 Focus Mode (Фокустау режимі)), осылайша соңғы кадр жиектемесінде фокустау нүктесінде болмайтын нысанды фокустауға болады. Фотокамера автофокусты (0 Автофокуспен жақсы нәтижелерді алу) пайдаланып фокустай алмаса, фокустау құлпын қашықтығы бастапқы нысанмен бірдей басқа нысанды фокустағаннан кейін фотосуретті қайта жиектеу үшін де пайдалануға болады. АФ аумағының режимі үшін e (Auto-area AF (АФ аумағын автоматты түрде таңдау)) режимінен басқа параметр таңдалған кезде фокустау құлпы ең тиімді болады (0 AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)).
-
Фокустаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, фокусты іске қосу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Фокустау күйінің индикаторы (I) көріністапқышта көрсетілгенін (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру) немесе фокустау нүктесі жасыл түске айналғанын (тікелей көрініс) тексеріңіз.
Автоэкспозиция құлпы
2-қадамда A (L) түймешігін басу да экспозицияны құлыптайды (0 Autoexposure Lock (Автоэкспозиция құлпы)).
-
Фокусты құлыптаңыз.
AF-A және AF-C фокустау режимдері (көріністапқышпен фотосурет түсіру): фокусты құлыптау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басып тұрып (q), A (L) түймешігін (w) басыңыз. A (L) түймешігі басылып түрған кезде ысырманы босату түймешігінен кейінірек саусағыңызды алсаңыз да, фокус құлыптаулы қалады.
AF-S (көріністапқышпен фотосурет түсіру) және тікелей көрініс: фокус автоматты түрде құлыпталады және саусақты ысырманы босату түймешігінен алғанша құлыптаулы қалады. Фокусты A (L) түймешігін басу арқылы да құлыптауға болады (жоғарыдан көріңіз).
-
Фотосуретті қайта жиектеп, суретке түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігін жартылай (AF-S және тікелей көрініс) немесе A (L) түймешігін басып тұрсаңыз, фокус түсірілімдер арасында құлыптаулы күйде болып, бір фокус параметрімен қатарынан бірнеше сурет түсіруге мүмкіндік береді.
Фокустау құлпы қосулы кезде фотокамера мен нысан арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Нысан қозғалып кетсе, оны жаңа қашықтықтан қайта фокустаңыз.
Қолмен реттелетін фокус
Автофокус қол жетімді болмаса немесе қажет нәтижелерді бермесе, қолмен реттелетін фокусты пайдалануға болады (0 Автофокуспен жақсы нәтижелерді алу).
-
Қолмен реттелетін фокусты таңдаңыз.
Егер объектив A-M, M/A-M немесе A/M-M режимін ауыстырғышпен жабдықталған болса, қосқышты M күйіне сырғытыңыз.
Объектив фокус режимінің қосқышымен жабдықталмаған болса, P түймешігінің мәзірінде Focus mode (Фокустау режимі) (0 Focus Mode (Фокустау режимі)) үшін MF режимін таңдаңыз.
-
Фокустаңыз.
Қолмен фокустау үшін объективтің фокустау сақинасын көріністапқыштағы анық күңгірт өрісте көрініп тұрған кескін фокусқа алынғанша реттеңіз. Фотосуреттерді кескін фокуста болмаса да, кез келген уақытта түсіруге болады.
AF-P объективтері
Қолмен реттелетін фокус режимінде AF-P объективі (0 Үйлесімді кірістірілген микропроцессоры бар объективтер) пайдаланылғанда фокустау күйінің индикаторы (I) көріністапқышта жыпылықтап (немесе тікелей көріністе фокустау нүктесі мониторда жыпылықтап), фокустау сақинасын ағымдағы бағытта бұруды жалғастыру нысанды фокусқа әкелмейтіні туралы ескертеді.
Электрондық қашықтықты өлшегіш (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)
Көріністапқыштың фокустау индикаторын таңдалған фокустау нүктесіндегі нысанның фокусталғанын (фокустау нүктесін 11 фокустау нүктесінің арасынан таңдауға болады) растау үшін пайдалануға болады. Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырғаннан кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басып, объективтің фокустау сақинасын фокустау күйінің индикаторы (I) көрсетілгенше бұраңыз. «Автофокуспен жақсы нәтижелерді алу» (0 Автофокуспен жақсы нәтижелерді алу) бөлімінде тізілген нысандарда фокустау күйінің индикаторы кейде нысан фокуста болмағанда көрсетілуі мүмкін екенін ескеріңіз; суретке түсіру алдында көріністапқышта фокусты тексеріңіз.
Фотокамерамен қолмен реттелетін фокусты таңдау
Объектив M/A (қолмен қосымша реттеуге болатын автофокустау A/M (қолмен қосымша реттеуге болатын автофокустау/АФ басымдығы)) немесе A/M (қолмен қосымша реттеуге болатын автофокустау/АФ басымдығы) қолдаса, фотокамераның фокустау режимін MF (қолмен реттелетін фокус; 0 Focus Mode (Фокустау режимі)) күйіне орнатып та қолмен реттелетін фокусты таңдауға болады. Кейін объективпен таңдалған режимге қарамастан фокусты қолмен реттеуге болады.
Фокустық жазықтық күйі
Нысан мен фотокамера арасындағы қашықтықты анықтау үшін фотокамера корпусындағы фокустық жазықтық таңбасынан (E) өлшеңіз. Объективті бекіту жиектемесінің фланеці мен фокустық жазықтық арасындағы қашықтық 46,5 мм болады.
Тікелей көрініс
Тікелей көріністе дәл фокустау үшін ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз (0 Тікелей көрініс масштабтауын алдын ала қарау).