Бейнефильмдерді өңдеу
Бейнефильмдердің өңделген көшірмелерін жасау үшін түсірілген бөлік шеттерін кесіңіз немесе таңдалған кадрларды JPEG пішіміндегі фотосуреттер ретінде сақтаңыз.
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
f | Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) | Қажет емес түсірілген бөлік алынып тасталған бейнефильмнің көшірмесін жасаңыз. |
g | Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) | Таңдалған кадрды JPEG пішіміндегі фотосурет ретінде сақтаңыз. |
Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу
Бейнефильмдердің шеттері кесілген көшірмелерін жасау үшін:
-
Бейнефильмді толық өлшемде көрсетіңіз.
-
Жаңа бастапқы кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді көру) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз. Ойнатуды бастау және жалғастыру үшін J түймешігін және кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз, әрі қажетті кадрды табу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, я болмаса басқару дискін айналдырыңыз. Бейнефильмдегі шамамен берілген орынды бейнефильмнің орындалу барысының жолағынан көруге болады. Жаңа бастапқы кадрда ойнатуды кідіртіңіз.
-
Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін таңдаңыз.
P түймешігін басыңыз, содан кейін Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Start point (Басталу нүктесі) параметрін таңдаңыз.
Ағымдағы кадрдан басталатын көшірмені жасау үшін Start point (Басталу нүктесі) пәрменін таңдаңыз және J түймешігін басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде ағымдағы кадрға дейінгі кадрлар жойылады.
-
Жаңа басталу нүктесін растаңыз.
Егер қажет кадр көрсетілмесе, алға немесе кері айналдыру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз (10 с алға немесе кері өткізіп жіберу үшін басқару дискін бұраңыз).
-
Аяқталу нүктесін таңдаңыз.
Бастау нүктесінен (w) аяқтау нүктесіне (x) ауысу үшін A (L) түймешігін басыңыз, содан кейін 5-қадамда сипатталғандай соңғы кадрды таңдаңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде таңдалған кадрдан кейінгі кадрлар жойылады.
-
Көшірмені жасаңыз.
Қажет кадр көрсетілгенде 1 түймешігін басыңыз.
-
Бейнефильмді алдын-ала қараңыз.
Көшірмені алдын ала қарау үшін Preview (Алдын ала қарау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз (алдын ала қарауды үзу және сақтау параметрлері мәзіріне оралу үшін 1 түймешігін басыңыз). Ағымдағы көшірмеден бас тарту және жоғарыда сипатталғандай жаңа басталу нүктесін немесе аяқталу нүктесін таңдау үшін Cancel (Бас тарту) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз; көшірмені сақтау үшін 9-қадамға өтіңіз.
-
Көшірмені сақтаңыз.
Көшірмені жаңа файлға сақтау үшін Save as new file (Жаңа файл ретінде сақтау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Бастапқы бейнефильм файлын өңделген көшірмемен ауыстыру үшін Overwrite existing file (Бар файлды қайта жазу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.
Бейнефильмдердің кадр шеттерін кесу
Бейнефильмдердің ұзақтығы кем дегенде екі секунд болуы керек. Жад картасындағы бос орын жеткіліксіз болса, көшірме сақталмайды.
Көшірмелердің жасалу уақыты мен күні бастапқы суретпен бірдей болады.
Бастапқы немесе соңғы түсірілген бөлікті жою
Бейнефильмнен тек бастапқы түсірілген бөлікті жою үшін 6-қадамда A (L) түймешігін баспай 7-қадамға өтіңіз. Тек соңғы түсірілген бөлікті жою үшін 4-қадамда End point (Аяқталу нүктесі) параметрін таңдаңыз, соңғы кадрды таңдаңыз және 6-қадамда A (L) түймешігін баспай 7-қадамға өтіңіз.
Таңдалған кадрларды сақтау
Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде сақтау:
-
Бейнефильмді қажет кадрда кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді көру) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз. Ойнатуды бастау және жалғастыру үшін J түймешігін және кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз. Көшіргіңіз келетін кадрға келгенде бейнефильмді кідіртіңіз.
-
Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) пәрменін таңдаңыз.
P түймешігін басыңыз, содан кейін Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Сурет көшірмесін жасаңыз.
Ағымдағы кадрдың көшірмесін жасау үшін 1 түймешігін басыңыз.
-
Көшірмені сақтаңыз.
Таңдалған кадрдың жоғары сапалы (0 Image Quality (Кескін сапасы)) JPEG пішіміндегі көшірмесін жасау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Таңдалған кадрды сақтау
Save selected frame (Таңдалған кадрды сақтау) параметрінің көмегімен жасалған JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерін өңдеу мүмкін емес. JPEG бейнефильм суреттерінде фотосурет туралы мәліметтің кейбір санаттары болмайды (0 Фотосурет туралы мәлімет).