Арнайы әсерлерді фотосуреттер түсіру және бейнефильмдер түсіру кезінде пайдалануға болады.

Режимді таңдау дискін q қалпына бұрап, басқару дискін мониторда қажет параметр пайда болғанша бұрау арқылы төмендегі әсерлерді таңдауға болады.

Режимді таңдау дискі

Басқару дискі

Монитор

% Night vision (Түнгі көрініс)
S Super vivid (Супер жарқын)
T Pop (Поп)
U Photo illustration (Фотоиллюстрация)
' Toy camera effect (Ойыншық фотокамера әсері)
( Miniature effect (Миниатюра әсері)
3 Selective color (Таңдамалы түс)
1 Silhouette (Силуэт)
2 High key (Ашық реңкті сурет)
3 Low key (Қою реңкті сурет)

% Night vision (Түнгі көрініс)

Қараңғы жағдайларда жоғары ISO сезімталдықтарда монохромды кескіндерді жазу үшін пайдаланыңыз.

Ескертпе

Автофокус тек тікелей көріністе қол жетімді; фотокамера фокустай алмаса, қолмен реттелетін фокусты пайдалануға болады. Кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша шамы өшеді.

S Super vivid (Супер жарқын)

Ашығырақ кескінді алу үшін жалпы қанығуы және контраст арттырылады.

T Pop (Поп)

Шынайырақ кескінді алу үшін жалпы қанығуы арттырылады.

U Photo illustration (Фотоиллюстрация)

Тікелей көріністе реттеуге болатын постер әсерін алу үшін контурларды анық етеді және түстерді қарапайым етеді (0 U Photo Illustration (Фотоиллюстрация)).

Ескертпе

Осы режимде түсірілген бейнефильмдер суреттер қатарынан жасалған слайд көрсетілімі сияқты ойнатылады.

' Toy camera effect (Ойыншық фотокамера әсері)

Ойыншық фотокамерамен түсірілгендей көрінетін фотосуреттерді және бейнефильмдерді жасаңыз. Әсерді тікелей көріністе реттеуге болады (0 ' Toy Camera Effect (Ойыншық фотокамера әсері)).

( Miniature effect (Миниатюра әсері)

Диорамалардың суреттері болып көрінетін фотосуреттерді жасаңыз. Жоғарғы ыңғайлы тұстан түсірілген фотосуреттерде ең жақсы нәтиже береді. 1920 × 1080/30p пішіміндегі 45 минуттық түсірілген бөлік шамамен үш минутта ойнатылатын бейнефильмге сығымдалып, миниатюра әсері бейнефильмдері жоғары жылдамдықпен ойнатылады. Әсерді тікелей көріністе реттеуге болады (0 ( Miniature Effect (Миниатюра әсері)).

Ескертпе

Бейнефильмдермен бірге дыбыс жазылмайды. Кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша шамы өшеді.

3 Selective color (Таңдамалы түс)

Таңдалған түстерден басқа түстердің барлығы қара және ақ түсте жазылады. Әсерді тікелей көріністе реттеуге болады (0 3 Selective Color (Таңдамалы түс)).

Ескертпе

Кірістірілген жарқыл өшеді.

1 Silhouette (Силуэт)

Жарық артқы фондардағы силуэт нысандар.

Ескертпе

Кірістірілген жарқыл өшеді.

2 High key (Ашық реңкті сурет)

Жарыққа толы ашық түсті кескіндер жасау үшін ашық түсті көріністерде пайдаланыңыз.

Ескертпе

Кірістірілген жарқыл өшеді.

3 Low key (Қою реңкті сурет)

Жарық аумақтары бөлектелген күңгірт, қою түсті кескіндер жасау үшін күңгірт көріністерде пайдаланыңыз.

Ескертпе

Кірістірілген жарқыл өшеді.

Бұлдыратуды болдырмау

Ысырманың баяу жылдамдықтарындағы фотокамераның дірілі тудыратын бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланыңыз.

NEF (RAW)

NEF (RAW) жазу %, S, T, U, ', ( және 3 режимдерінде қол жетімді емес. Осы режимдерде NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG жоғары сапалы параметрі таңдалып түсірілген суреттер JPEG пішіміндегі кескіндер ретінде жазылады. Бұл параметрлермен жасалған JPEG пішіміндегі кескіндер жоғары сапалы кескіндер түрінде жазылады.

U және ( режимдері

Бейнефильм жазу кезінде автофокус қол жетімді емес. Тікелей көріністі жаңарту жиілігі төмендейді, үздіксіз суретке түсіру режимінің кадр жылдамдығы да төмендейді; тікелей көріністе фотосуретке түсіру кезінде автофокусты пайдалану алдын ала қарауды үзеді.