s (Continuous (Үздіксіз)) режимінде ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылып тұрғанда фотокамера фотосуреттерді үздіксіз түсіреді.

  1. s (E) түймешігін басыңыз.

    s (E) түймешігі

  2. s (Continuous (Үздіксіз)) режимін таңдаңыз.

    s (Continuous (Үздіксіз)) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  3. Фокустаңыз.

    Кадрды жақтауға алып, фокустаңыз.

  4. Фотосуреттерді түсіріңіз.

    Ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылған кезде фотокамера фотосуреттер түсіреді.

Жад буфері

Фотокамера жад картасына сақталып жатқан кезде фотосуреттерді түсіруді жалғастыра беруге мүмкіндік беретін уақытша сақтауға арналған жад буферімен жабдықталған. 100 фотосуретке дейін бірінен соң бірін түсіруге болады (жалғыз ерекшелік — S немесе M режимінде 4 секунд немесе баяуырақ ысырма жылдамдығы таңдалса, бір қатарда түсіруге болатын түсірілімдер санына шек болмаған кезде). Егер батарея қуаты буферде кескіндер қалған кезде таусылса, ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылады және кескіндер жад картасына көшіріледі.

Кадр жылдамдығы

Үздіксіз суретке түсіру режимінде түсіруге болатын фотосуреттер саны туралы ақпаратты «Техникалық сипаттамалар» бөлімінде (0 Техникалық сипаттамалар) қараңыз. Жад буфері толы немесе батарея қуаты төмен кезде фотосурет түсіру кезіндегі кадр жылдамдығы төмендеуі мүмкін.

Кірістірілген жарқыл

Үздіксіз суретке түсіру режимін кірістірілген жарқылмен бірге пайдалану мүмкін емес; режимді таңдау дискін j күйіне айналдырыңыз (0 «Бағытта да, түсір» режимдері (i және j)) немесе жарқылды өшіріңіз (0 Кірістірілген жарқылды пайдалану).

Буфер өлшемі

Ағымдағы параметрлерде жад буферінде сақтауға болатын кескіндердің шамамен алғандағы саны ысырманы босату түймешігі басылған кезде көріністапқыштағы кадрлар есептегішінде көрсетіледі.