Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)

Қосылған D-Lighting жарық аумақтардағы және көлеңке тұстардағы кішігірім элементтерді сақтап, табиғи контрасты бар фотосуреттерді жасайды. Жоғары контрастты көріністер үшін пайдаланыңыз, мысалы, есік немесе терезеден көрінетін көп жарық түскен пейзажды фотосуретке түсіргенде я болмаса шуақты күнде көлеңкеленген нысандардың суреттерін түсіргенде пайдаланыңыз. Қосылған D-Lighting M режимінде ұсынылмайды; басқа режимдерде ол L (Matrix metering (Матрицалық өлшем); 0 Өлшеу) әдісімен бірге пайдаланғанда ең тиімді болады.

Қосылған D-Lighting: Off (Өшірулі)

Қосылған D-Lighting: On (Қосулы)

  1. Қосылған D-Lighting параметрлерін көрсетіңіз.

    P түймешігін басыңыз, содан кейін ақпараттық дисплейде Қосылған D-Lighting режимін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

    P түймешігі

  2. Параметрді таңдаңыз.

    On (Қосулы) немесе Off (Өшірулі) күйін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

Қосылған D-Lighting

Кейбір нысандарда біркелкі емес көлеңкелеуді, жарық нысандардың айналасындағы көлеңкелерді немесе күңгірт нысандар айналасында галоларды байқауыңыз мүмкін. Қосылған D-Lighting бейнефильмдерде қол жетімді емес.

«Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)» және «D-Lighting» режимдерін салыстыру

Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) параметрі динамикалық ауқымды оңтайландыру үшін суретке түсіру алдында экспозицияны реттейді, ал өңдеу мәзіріндегі D-Lighting параметрі (0 D-Lighting) суретке түсіруден кейін кескіндердегі көлеңкелерді жарығырақ етеді.