Фотосуреттерді өшіру
Ағымдағы фотосуретті өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Бірнеше таңдалған фотосуретті, таңдалған күні түсірілген барлық фотосуреттерді немесе ағымдағы ойнату қалтасындағы барлық фотосуреттерді өшіру үшін ойнату мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін таңдаңыз. Өшірілгеннен кейін фотосуреттерді қалпына келтіру мүмкін емес. Қорғалған суреттерді өшіру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Ойнату кезінде
Ағымдағы фотосуретті өшіру үшін O түймешігін басыңыз.
-
O түймешігін басыңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі.
-
O түймешігін қайтадан басыңыз.
Фотосуретті өшіру үшін O түймешігін қайтадан басыңыз. Фотосуретті өшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз.
Күнтізбені қарау
Күнтізбені қарау кезінде күндер тізіміндегі күнді белгілеп және O түймешігін басып таңдалған күнде түсірілген барлық фотосуреттерді өшіруге болады (0 Күнтізбені қарау).
Қарау мәзірі
Қарау мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрінің келесідей параметрлері бар. Кескіндер санына байланысты өшіру үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
Q | Selected (Таңдалған) | Таңдалған суреттерді өшіру. |
n | Select date (Күнді таңдау) | Таңдалған күнде түсірілген барлық суреттерді өшіру (0 Күнді таңдау: таңдалған күнде түсірілген фотосуреттерді өшіру). |
R | All (Барлығы) | Қарау үшін қазіргі уақытта таңдалған қалтадағы барлық суреттерді өшіру (0 Playback Folder (Ойнату қалтасы)). |
Таңдалған: таңдалған фотосуреттерді өшіру
-
Белгіленген суретті таңдаңыз.
Суретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау немесе таңдауын алу үшін W (Q) түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Таңдалған суреттер O белгішесімен белгіленеді. Қосымша суреттерді таңдау үшін қажетінше қайталаңыз.
-
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Күнді таңдау: таңдалған күнде түсірілген фотосуреттерді өшіру
-
Күндерді таңдаңыз.
Белгіленген күні түсірілген барлық суреттерді таңдау үшін күнді белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күндер құсбелгімен көрсетіледі. Қосымша күндерді таңдау үшін қажетінше қайталаңыз; күн таңдауын алып тастау үшін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.