Ақ түс балансы
Ақ түс балансы түстерге жарық көзі түсінің әсер етпеуін қамтамасыз етеді. Жарық көздерінің көпшілігі үшін автоматты ақ түс балансы ұсынылады; қажет болса, көз түріне сәйкес басқа мәндерді таңдауға болады:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
v | Auto (Авто) | Ақ түс балансын автоматты түрде реттеу. Жағдайлардың көпшілігі үшін ұсынылады. |
J | Incandescent (Қызу бөлетін шам) | Қызу бөлетін шам жарығының астында пайдаланыңыз. |
I | Fluorescent (Флюоресцентті) | Флюоресцентті жарықпен пайдаланыңыз (0 Суретке түсіру мәзірі). |
H | Direct sunlight (Тік күн жарығы) | Күннің тік сәулесі жарықтандырып тұрған нысандарды түсіргенде пайдаланыңыз. |
N | Flash (Жарқыл) | Жарқылмен пайдаланыңыз. |
G | Cloudy (Бұлтты) | Бұлыңғыр ауа-райында пайдаланыңыз. |
M | Shade (Көлеңке) | Көлеңкеде орналасқан нысандар үшін күндіз пайдаланыңыз. |
L | Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) | Ақ түс балансын өлшеңіз немесе ақ түс балансын бар фотосуреттен көшіріңіз (0 Алдын-ала қолмен енгізілген мән). |
-
Ақ түс балансы параметрлерін көрсетіңіз.
P түймешігін басыңыз, содан кейін ақпараттық дисплейде ағымдағы ақ түс балансын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Ақ түс балансы параметрін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Ақ түс балансын суретке түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрі арқылы таңдауға болады (0 White balance (Ақ түс балансы)), оны, сондай-ақ, ақ түс балансын дәл реттеу (0 Fine-Tuning White Balance (Ақ түс балансын дәл реттеу)) немесе алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәнін өлшеу үшін пайдалануға болады (0 Preset Manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)).
White balance (Ақ түс балансы) мәзіріндегі I Fluorescent (Флюоресцентті) параметрін қолмен басылу режимі түрлерінен жарық көзін таңдау үшін пайдалануға болады.
Түс температурасы
Жарық көзінің түйсінілетін түсі көрушіге және басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Түс температурасы – бірдей толқын ұзындығы бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі. 5000–5500 К аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ болып көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы төмендеу жарық көздері азғантай сары немесе қызыл болып көрінеді. Түс температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түсті реңктер болады.
q | I (натрий газ разрядты шамдар): 2700 К |
---|---|
w | J (қызу бөлетін шам)/I (жылы ақ флюоресцентті): 3000 K |
e | I (ақ флюоресцентті): 3700 К |
r | I (суық ақ флюоресцентті): 4200 К |
t | I (күндізгі ақ флюоресцентті): 5000 К |
y | H (тік күн жарығы): 5200 К |
u | N (жарқыл): 5400 К |
i | G (бұлтты): 6000 К |
o | I (күндізгі жарық флюоресцентті): 6500 К |
!0 | I (жоғары темп. сынап газ разрядты): 7200 К |
!1 | M (көлеңке): 8000 К |
Ескертпе: барлық сандар жуықталған болып табылады.
Ақ түс балансын дәл реттеу
Ақ түс балансын жарық көзінің түсіндегі өзгерістерді түзету немесе суретке жаңа түс реңкін әдейі енгізу үшін «дәл реттеуге» болады. Ақ түс балансы суретке түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрін пайдаланып дәл реттеледі.
-
Дәл реттеу параметрлерін көрсетіңіз.
Ақ түс балансы параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз (егер Fluorescent (Флюоресцентті) параметрі таңдалған болса, қажет жарық түрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз; L Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрінде дәл реттеу қол жетімді емес екенін ескеріңіз).
-
Ақ түс балансын дәл реттеңіз.
Ақ түс балансын дәлірек реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Ақ түс балансын сары (A)–көк (B) білігінде 0,5 қадамдарымен және жасыл (G)–қою қызыл (M) білігінде 0,25 қадамдарымен дәл реттеуге болады. Көлденең (сары-көк) ось түс температурасына сәйкес келеді, ал тік (жасыл-қою қызыл) осьте сәйкес түс түзетілімі (CC) сүзгілерінікіне ұқсас әсерлер бар. Көлденең ось шамамен 5 майредке тең қадамдармен, тік ось шамамен 0,05 диффуздық тығыздық бірліктері қадамдарымен белгіленген.
-
Өзгерістерді сақтап, шығыңыз.
J түймешігін басыңыз.
Ақ түс балансын дәл реттеу
Дәл реттеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді. Мысалы, J Incandescent (Қызу бөлетін шам) сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске жылжыту фотосуреттерді сәл ғана «салқындау» етеді, бірақ оларды іс жүзінде көк түске боямайды.
«Майред»
Түс температурасындағы кез келген өзгеріс жоғарырақ түс температураларымен салыстырғанда төмен түс температураларында түсте көбірек айырмашылық тудырады. Мысалы, 1000 K өзгерісі түсте 6000 K мәнімен салыстырғанда 3000 K мәнінде әлдеқайда үлкенірек өзгеріске әкеледі. Түс температурасының инверсиясын 10 6 көбейту арқылы есептелетін майред — осындай құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік болып табылады. Мысалы:
- 4000 K – 3000 K (1000 K айырмашылығы) = 83 майред
- 7000 K – 6000 K (1000 K айырмашылығы) = 24 майред
Preset Manual (Алдын ала қолмен енгізілген мән)
Алдын-ала қолмен енгізілген мән аралас жарық жағдайында сурет түсіруге арналған ақ түс балансы параметрлерін жазу және қайта пайдалану немесе қатты түс реңкі бар жарық көздерін түзету үшін пайдаланылады. Ақ түс балансының мәнін алдын-ала енгізудің екі әдісі бар:
Әдіс | Сипаттама |
---|---|
Measure (Өлшеу) | Түпкілікті фотосуретте пайдаланылатын жарықтандыру астына бейтарап сұр немесе ақ түсті нысан қойылады және фотокамера ақ түс балансын өлшейді (0 Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәнін өлшеу). |
Use photo (Фотосуретті пайдалану) | Ақ түс балансы жад картасындағы фотосуреттен көшіріледі (0 Ақ түс балансын фотосуреттен көшіру). |
Алдын-ала енгізілген ақ түс балансына арналған мәнді өлшеу
-
Эталондық нысанға жарық түсіріңіз.
Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз.
-
Ақ түс балансы параметрлерін көрсетіңіз.
Ақ түс балансының параметрлерін көрсету үшін суретке түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. L Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Measure (Өлшеу) параметрін таңдаңыз.
Measure (Өлшеу) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Yes (Иә) жауабын таңдаңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Фотокамера алдын ала орнатылған өлшеу режиміне кіреді.
Фотокамера ақ түс балансын өлшеуге дайын болған кезде көріністапқышта және ақпараттық дисплейде жыпылықтаған D (L) белгісі пайда болады.
-
Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын тоқтатпай тұрып эталондық нысанды көріністапқышқа толық кіретіндей етіп жақтауға алып, ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Ешбір фотосурет жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера фокуста болмаған кезде де дәл өлшеуге болады.
-
Нәтижелерді тексеріңіз.
Егер фотокамера ақ түс балансының мәнін өлшеген болса, сәйкес хабар көрсетіледі және көріністапқышта a белгішесі жыпылықтайды, сөйтіп фотокамера суретке түсіру режиміне оралады. Суретке түсіру режиміне дереу оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Егер жарық тым қараңғы немесе тым ашық болса, фотокамера ақ түс балансын өлшей алмауы мүмкін. Ақпараттық дисплейде хабар пайда болады және көріністапқышта жыпылықтаған b a белгісі көрсетіледі. 5-қадамға оралып, ақ түс балансын қайта өлшеңіз.
Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәнін өлшеу
Егер дисплейлер жыпылықтап тұрған кезде ешбір әрекеттер орындалмаса, тікелей өлшеу режимі баптау мәзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) пайдаланушылық параметрі үшін таңдалған уақытта аяқталады (0 Auto off Timers (Автоматты өшу таймерлері)).
Алдын-ала енгізілген ақ түс балансының мәні
Фотокамера бір уақытта ақ түс балансының алдын-ала енгізілген бір мәнін ғана сақтай алады; жаңа мән өлшенген кезде бар мән ауыстырылады. Ақ түс балансын өлшеген кезде экспозицияның 1 ЭМ-ге автоматты түрде артатынын ескеріңіз; M режимінде суретке түсірген кезде экспозиция индикаторы ±0 мәнін көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз (0 Экспозиция индикаторы).
Алдын-ала енгізілген ақ түс балансын өлшеудің басқа әдісі
Ақпараттық дисплейде ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін таңдағаннан кейін алдын-ала енгізілген мәнді өлшеу режиміне кіру (жоғарыда қараңыз) үшін J түймешігін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз.
Сұр тақталар
Дәлірек нәтижелер алу үшін ақ түс балансын стандартты сұр тақтаны пайдаланып өлшеңіз.
Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру
Ақ түс балансының мәнін жад картасындағы фотосуреттен көшіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін таңдаңыз.
Ақ түс балансының параметрлерін көрсету үшін суретке түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. L Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Use photo (Фотосуретті пайдалану) параметрін таңдаңыз.
Use photo (Фотосуретті пайдалану) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Select image (Кескінді таңдау) параметрін таңдаңыз.
Select image (Кескінді таңдау) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз (қалған қадамдарды өткізіп жіберіп, ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні үшін соңғы таңдалған кескінді пайдалану үшін This image (Осы кескін) параметрін таңдаңыз).
-
Қалтаны таңдаңыз.
Құрамында бастапқы кескін бар қалтаны белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Бастапқы кескінді белгілеңіз.
Белгіленген кескінді толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
-
Ақ түс балансын көшіріңіз.
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін белгіленген фотосуреттің ақ түс балансы мәніне орнату үшін J түймешігін басыңыз.