Nikon D3500 сандық фотокамерасы

Түрі
  Түрі Айналы сандық фотокамера
Объектив жиектемесі Nikon F бекіткіші (АФ түйіспелері бар)
Тиімді көрініс бұрышы Nikon DX пішімі; фокустық қашықтық FX пішімінің көрініс бұрышы бар объективтердікінен шамамен 1,5 есеге тең
Тиімді нүктелер саны
  Тиімді нүктелер саны 24,2 миллион
Кескін сенсоры
  Кескін сенсоры 23,5 × 15,6 мм CMOS сенсоры
Жалпы нүктелер саны 24,78 миллион
Тозаңды азайту жүйесі Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері (Capture NX-D бағдарламалық жасақтамасы қажет)
Сақтау
  Кескін өлшемі (нүктелер)
  • 6000 × 4000 (Large (Үлкен): 24.0 M)
  • 4496 × 3000 (Medium (Орташа): 13.5 M)
  • 2992 × 2000 (Small (Кішкентай): 6.0 M)
Файл пішімі
  • NEF (RAW): 12 биттік, сығымдалған
  • JPEG: JPEG-Baseline, жоғары сапалы (шамамен 1 : 4), қалыпты (шамамен 1 : 8) немесе стандартты (шамамен 1 : 16) сығымдаумен үйлесімді
  • NEF (RAW) + JPEG: NEF (RAW) және JPEG пішімдерінің екеуінде де жазылатын бір фотосурет
Picture Control жүйесі Стандартты, бейтарап, жанды, монохромды, портрет, пейзаж, пәтер; таңдалған Picture Control режимін өзгертуге болады
Сақтау орталары SD (Secure Digital) және UHS-I үйлесімді SDHC және SDXC жад карталары
Файлдық жүйе DCF 2.0, Exif 2.3, PictBridge
Көріністапқыш
  Көріністапқыш Көз деңгейіндегі пентаайна бар бір объективті шағылыстырғыш көріністапқыш
Кадр ауқымы Шамамен 95% көлденең және 95% тік
Ұлғайту Шамамен 0,85× (шексіздік деңгейінде 50 мм f/1.4 объектив, –1,0 м–1)
Қарау нүктесі 18 мм (–1,0 м–1; көріністапқыш окуляры әйнегінің үстіңгі қабатының ортасынан санағанда)
Диоптрияны реттеу –1,7–+0,5 м–1
Фокустау экраны B түріне жататын BriteView Clear Matte Mark VII экраны
Шағылыстырғыш айна Жылдам қайту
Объектив апертурасы Жылдам орнына қайтады, электронды түрде басқарылады
Объектив
  Автофокусты қолдау Автофокус AF-P және E және G түріне жататын AF-S объективтерінде қол жетімді.
Ысырма
  Түрі Электронды басқарылатын, тігінен жүретін, фокустық жазықтықты ысырма
Жылдамдық 1/4000 – 30 с, 1/3 ЭМ қадамдарымен; Қолмен басылу режимі; Уақыт
Жарқылды синхрондау жылдамдығы X = 1/200 c; 1/200 с немесе баяуырақ жылдамдықта ысырмамен синхрондалады
Босату
  Суретке түсіру режимі 8 (әр кадр бойынша), s (үздіксіз), J (ысырманы тыныш босату), E (өздігінен түсіруді реттейтін таймер)
Кадрдың ілгері жылжу жиілігі

5 кадр/сек дейін

Ескертпе: кадр жылдамдықтары қолмен реттелетін фокус, қолмен реттелетін немесе ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим экспозициясын, 1/250 с немесе жылдамырақ ысырма жылдамдығын және басқа параметрлерді əдепкі мəндерімен қабылдайды.

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер 2 с, 5 с, 10 с, 20 с; 1–9 экспозиция
Экспозиция
  Өлшеу режимі 420 нүктелі RGB сенсорын пайдаланатын TTL экспозициясын өлшеу
Өлшеу әдісі
  • Матрицалық өлшем: 3D түрлі-түсті матрицалы өлшеу жүйесі II
  • Ортасы бойынша өлшеу: кадрдың ортасындағы 8 мм шеңберге 75% салмақ беріледі
  • Нүктелі экспоөлшегіш: таңдалған фокустау нүктесінің ортасындағы 3,5 мм шеңберді (шамамен кадрдың 2,5%) өлшейді
Ауқым (ISO 100, f/1.4 объективі, 20 °C)
  • Матрицалық немесе ортасы бойынша өлшеу: 0–20 ЭМ
  • Нүктелі экспоөлшегіш: 2–20 ЭМ
Экспозиция өлшегішін жалғастырғыш Микропроцессор
Режим Автоматты режимдер (i авто; j авто, жарқыл өшірулі); икемді бағдарлама бар бағдарламаланған автоматты режим (P); ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим (S); апертура басымдығы бар автоматты режим (A); қол режимі (M); көрініс режимдері (k портрет; m спорт; n жақыннан түсіру; o түнгі портрет); арнайы әсерлер режимдері (% түнде көру; S супер жарқын; T поп; U фотоиллюстрация; ' ойыншық фотокамера әсері; ( миниатюра әсері; 3 таңдамалы түс; 1 силуэт; 2 ашық реңкті сурет; 3 қою реңкті сурет)
Экспозиция түзетілімі P, S, A, M, көрініс және % режимдерінде –5–+5 ЭМ бойынша 1/3 ЭМ қадамдарымен реттеуге болады
Экспозиция құлпы Жарық күші A (L) түймешігі арқылы анықталған мәнде құлыпталады
ISO сезімталдық (ұсынылатын экспозиция индексі) 1 ЭМ қадамдарында ISO 100–25600 ISO сезімталдығын автоматты түрде басқару қол жетімді
Қосылған D-Lighting Қосулы, өшірулі
Фокустау
  Автофокус TTL фазасын анықтау, 11 фокустау нүктесі (соның ішінде айқас түрге жататын сенсор) және АФ қосымша шамы (ауқымы шамамен 0,5 – 3 м) бар Nikon Multi-CAM 1000 автофокустау сенсорының модулі.
Анықтау ауқымы –1–+19 ЭМ (ISO 100, 20 °C)
Объективтің электр жетегі
  • Автофокус (AF): әр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S); үздіксіз бақылағыш АФ (AF-C); AF-S/AF-C автоматты таңдау (AF-A); болжалды бақылағыш фокустау нысан күйіне сай автоматты түрде белсендіріледі
  • Қолмен реттелетін фокус (MF): электрондық қашықтықты өлшегішті пайдалануға болады
Фокустау нүктесі 11 фокустау нүктесінен таңдауға болады
АФ аумағының режимі Жалғыз нүктелі АФ, динамикалық аумақ АФ, АФ аумағын автоматты түрде таңдау, 3D бақылау (11 нүкте)
Фокустау құлпы Ысырманы босату түймешігін жартылай басып (әр кадр бойынша бақылағыш АФ) немесе A (L) түймешігін басып фокусты құлыптауға болады
Жарқыл
  Кірістірілген жарқыл

i, k, n, o, S, T, U, ': Автоматты түрде шығатын автоматты жарқыл

P, S, A, M: қолмен шығару, түймешікпен босату

Жарқылдың жетекші саны Шамамен 7, қолмен реттелетін жарқылда 8 (м, ISO 100, 20 °C)
Жарқылды басқару TTL: 420 нүктелі RGB сенсор пайдаланатын i-TTL жарқылды басқару тетігі кірістірілген жарқылмен қол жетімді болады; сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл матрицалық және ортасы бойынша өлшеумен, ал сандық айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL жарқылы нүктелі экспоөлшегішпен пайдаланылады
Жарқыл режимі Авто, қызыл көз әсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты жарқыл, автоматты баяу синхрондау, қызыл көз әсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты баяу синхрондау, толықтырғыш жарқыл, қызыл көз әсерін азайту, баяу синхрондау, қызыл көз әсерін азайту мүмкіндігі бар баяу синхрондау, баяу синхрондау мүмкіндігі бар артқы перде, артқы пердемен синхрондау, өшірулі
Жарқыл түзетілімі P, S, A, M және көрініс режимдерінде −3 – +1 ЭМ бойынша 1/3 ЭМ қадамдарымен реттеуге болады
Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор Кірістірілген жарқыл немесе қосымша жарқыл бөлігі толық зарядталған кезде жанады; жарқыл толық қуатпен жанғаннан кейін жыпылықтайды
Керек-жарақтарға арналған құрылғы Синхрондау мүмкіндігі және деректер түйіспелері мен қауіпсіздік құлпы бар ISO 518 тікелей қосу
Nikon шығармашыл жарық жүйесі (CLS) i-TTL жарқылды басқару, оптикалық жақсартылған сымсыз жарық жүйесі, түс туралы ақпаратты тарату, бірнеше аумақты автофокустау кезіне арналған АФ қосымша жарығы
Синхрондау түйіспе тұсы AS-15 синхрондау терминалының адаптері (бөлек сатылады)
Ақ түс балансы
  Ақ түс балансы Авто, қызу бөлетін шам, флюоресцентті жарық (7 түрі), тік күн сәулесі, жарқыл, бұлтты, көлеңке, алдын-ала қолмен енгізілген мән, дәл реттеумен алдын-ала қолмен енгізілген мәннен басқа барлығы.
Тікелей көрініс
  Объективтің электр жетегі
  • Автофокус (AF): әр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S); тұрақты бақылағыш АФ (AF-F)
  • Қолмен реттелетін фокус (MF)
АФ аумағының режимі Бет басымдығы бар АФ, кең аумақты АФ, қалыпты аумақты АФ, нысанды бақылағыш АФ
Автофокус Кадрдың кез келген жеріндегі контрастты анықтау АФ (бет басымдығы бар АФ немесе нысанды бақылағыш АФ таңдалған кезде фотокамера фокустау нүктесін автоматты түрде таңдайды)
Көріністі автоматты таңдау i және j режимдерінде қол жетімді
Бейнефильм
  Өлшеу Негізгі кескін сенсоры арқылы TTL экспозициясын өлшеу
Өлшеу әдісі Матрица
Кадр өлшемі (нүктелер) және кадр жылдамдығы
  • 1920 × 1080; 60p (ретті), 50p, 30p, 25p, 24p
  • 1280 × 720; 60p, 50p

60p, 50p, 30p, 25p және 24p үшін нақты кадр жылдамдықтары — сәйкесінше 59,94, 50, 29,97, 25 және 23,976 кадр/сек; параметрлер жоғары және қалыпты кескін сапасын қолдайды

Файл пішімі MOV
Бейне сығымдалу H.264/MPEG-4 жақсартылған бейне кодтау
Дыбысты жазу пішімі Сызықтық PCM
Дыбысты жазу құрылғысы Кірістірілген монауральдық микрофон; сезімталдығын реттеуге болады
ISO сезімталдық ISO 100–25600
Монитор
  Монитор 7,5 см (3 дюйм), 170° қарау бұрышы бар шамамен 921 мың нүкте (VGA) TFT СКД, шамамен 100 % кадр ауқымы және жарықтықты реттеу
Қарау
  Қарау Ойнатуды масштабтау, ойнатуды масштабтауды кесу, бетті масштабтауды қарау, бейнефильмді қарау, фотосурет және/немесе бейнефильм слайд көрсетілімдері, гистограмма дисплейі, белгіленген тұстар, фотосурет туралы мәлімет, орын деректерінің дисплейі, кескінді автоматты бұру, суреттерге баға беру және кескін туралы аңғартпа (36 таңбаға дейін) бар толық өлшемде және сурет нобайын (4, 9 немесе 72 кескін немесе күнтізбе) қарау
Интерфейс
  USB Micro-USB жалғағышы бар жылдамдығы жоғары USB; кірістірілген USB портына қосу ұсынылады
HDMI шығыс сигналы C түріне жататын HDMI жалғағышы
Bluetooth
  Байланыс протоколдары Bluetooth спецификациясының 4.1 нұсқасы
Жұмыс жиілігі
  • Bluetooth: 2402–2480 МГц
  • Bluetooth Low Energy: 2402–2480 МГц
Ең көп шығыс қуат
  • Bluetooth: 1,2 дБм (EIRP)
  • Bluetooth Low Energy: 1,2 дБм (EIRP)
Ауқым (көру сызығы) Кедергісіз шамамен 10 м; ауқым сигнал күшіне және кедергілердің болуына немесе болмауына қарай өзгеріп отыруы мүмкін
Қуат көзі
  Батарея Бір EN-EL14a қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы
  Айнымалы ток адаптері EH-5c/EH-5b айнымалы ток адаптері; EP-5A қуат жалғағышын талап етеді (бөлек сатылады)
Штатив ұяшығы
  Штатив ұяшығы 1/4 дюйм (ISO 1222)
Өлшемдері/салмағы
  Өлшемдері (Е × Б × Д) Шамамен 124 × 97 × 69,5 мм
  Салмағы Батарея мен жад картасын қосқанда және корпус қақпағын қоспағанда шамамен 415 г; шамамен 365 г (тек фотокамера корпусы)
Жұмыс ортасы
  Температура 0 °C–40 °C
  Ылғалдылық 85% немесе азырақ (конденсациясыз)
  • Басқа мәлімделген болмаса, барлық өлшеулер Camera and Imaging Products Association (CIPA) стандарттарына немесе нұсқауларына сай орындалған.
  • Барлық сандар толығымен зарядталған батареясы бар фотокамера үшін берілген.
  • Фотокамерада көрсетілген үлгі кескіндер және нұсқаулықтағы кескіндер мен суреттер тек түсіндіру мақсаттарына арналған.
  • Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады. Nikon компаниясы осы нұсқаулықта болуы мүмкін қателерден болған шығындарға жауап бермейді.

MH-24 зарядтау құрылғысы

Номиналды тұтынылатын қуаты Айнымалы ток 100–240 В, 50/60 Гц, максималды 0,2 A
Номиналды шығасын параметрлері Тұрақты ток 8,4 В/0,9 A
Қолдауға ие батарея түрлері EN-EL14а Nikon қайта зарядталмалы литий-ионды батареялары
Зарядталу уақыты Заряд қалмаған кезде 25 °C қоршаған орта температурасында шамамен 1 сағат және 50 минут
Жұмыс температурасы 0 °C–40 °C
Өлшемдері (Е × Б × Д) Шамамен 70 × 26 × 97 мм, ашалы адаптерді қоспағанда
Салмағы Шамамен 96 г, ашалы адаптерді қоспағанда

Бұл өнімдегі таңбалар мыналарды білдіреді:

m Айнымалы ток, p Тұрақты ток, q II сыныпты жабдық (Өнім құрылысы қос қабатпен оқшауланған.)

EN-EL14а қайта зарядталмалы литий-ионды батареясы

Түрі Қайта зарядталмалы литий-ионды батарея
Номиналды сыйымдылық 7,2 В/1230 мАс
Жұмыс температурасы 0 °C–40 °C
Өлшемдері (Е × Б × Д) Шамамен 38 × 53 × 14 мм
Салмағы Шамамен 49 г, түйіспе тұс қақпағын қоспағанда

Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады. Nikon компаниясы осы нұсқаулықта болуы мүмкін қателерден болған шығындарға жауап бермейді.

Қолдауға ие стандарттар

  • DCF 2.0 нұсқасы: Design Rule for Camera File Systems (Фотокамераның файлдық жүйесіне арналған жобалық ереже) (DCF) фотокамералардың түрлі маркалары арасында үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін сандық фотокамера саласында кең пайдаланылатын стандарт болып табылады.
  • Exif 2.3 нұсқасы: D3500 фотокамерасы Exif (Exchangeable Image File Format for Digital Still Cameras (Сандық Фотоаппаратқа Арналған кескін файлдарының өзара алмасымды пішімі)) 2.3 нұсқасына қолдау көрсетеді, бұл стандарт бойынша фотосуреттермен бірге сақталған мәлімет кескіндер Exif стандартымен үйлесімді принтерлерде шығарылған кезде оңтайлы түс репродукциясы үшін пайдаланылады.
  • PictBridge: сандық фотокамера және принтер шығару салаларының бірлестігі арқасында пайда болған және суреттерді компьютерге көшірместен тікелей принтерге жіберуге мүмкіндік беретін стандарт.
  • HDMI: High-Definition Multimedia Interface (HDMI) үйлесімді құрылғыларға бір кабельдік қосылым арқылы дыбыс пен бейне деректерді және бақылау сигналдарын тарата алатын тұрмыстық электроника және дыбыс/бейне құрылғыларында пайдаланылатын мультимедиалық интерфейстерге арналған стандарт болып табылады.

Сауда белгілері туралы ақпарат

IOS — Cisco Systems, Inc. компаниясының сауда белгісі немесе Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгісі және лицензия бойынша пайдаланылады. Windows — Microsoft корпорациясының сауда белгісі немесе Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгісі. Mac, macOS, OS X, Apple®, App Store®, Apple логотиптері, iPhone®, iPad® және iPod touch® — Apple Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарында және/немесе басқа елдерде тіркелген сауда белгілері. Android, Google Play және Google Play логотипі Google LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады. Android роботы Google жасап, бөліскен туынды негізінде дайындалған және ол Creative Commons 3.0 авторлық лицензиясына сай пайдаланылады. PictBridge логотипі сауда белгісі болып табылады. SD, SDHC және SDXC логотиптері SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері болып табылады. HDMI, HDMI ені және High-Definition Multimedia Interface атауы HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

Bluetooth® сөз белгісі және логотиптері — Bluetooth SIG, Inc. иелік ететін тіркелген сауда белгілері және Nikon корпорациясы мұндай белгілерді әр жағдайда лицензия бойынша пайдаланады.

Nikon өнімімен берілген осы нұсқаулықта немесе басқа құжаттамада аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

Use of the Made for Apple badge means that an accessory has been designed to connect specifically to the Apple products identified in the badge, and has been certified by the developer to meet Apple performance standards. Apple is not responsible for the operation of this device or its compliance with safety and regulatory standards. Please note that the use of this accessory with an Apple product may affect wireless performance.

Сәйкестік белгілері

Фотокамера сәйкес стандарттарды баптау мәзіріндегі Conformity marking (Сәйкестік белгілері) параметрін пайдаланып көруге болады (0 Conformity marking (Сәйкестік белгілері)).

FreeType лицензиясы (FreeType2)

Осы бағдарламалық жасақтаманың кейбір бөліктері авторлық құқықтармен қорғалған © 2012 The FreeType Project (http://www.freetype.org). Барлық құқықтар қорғалған.

MIT лицензиясы (HarfBuzz)

Осы бағдарламалық жасақтама кейбір бөліктері авторлық құқықтармен қорғалған © 2018 The HarfBuzz Project (http://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz). Барлық құқықтар қорғалған.