Фотокамераға және батареяға күтім жасау: сақтық ескертулер
Түсіріп алмаңыз: қатты соққы немесе діріл әсер етсе, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес және суға батырылса немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға әкелуі мүмкін.
Температураның кенет өзгерістерін болдырмаңыз: салқын кезде жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа кіру немесе шығу сияқты кезде орын алатын температураның оқыс өзгерістері құрылғы ішінде конденсаттың пайда болуына әкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда болуына жол бермеу үшін температураны оқыс өзгерісіне душар етуден бұрын тасымалдау сөмкесіне немесе пластмасса сөмкеге салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті электрмагниттік сәулелену немесе магниттік өрістер тудыратын жабдықтың жанында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио таратқыштар сияқты жабдық шығаратын күшті статикалық зарядтар немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында сақталған деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне әсер етуі мүмкін.
Объективті күнге қаратып қалдырмаңыз: объективті ұзақ уақытқа күнге немесе басқа күшті жарық көзіне қаратып қалдырмаңыз. Қатты жарық кескін сенсоры жұмысының нашарлауына әкелуі немесе фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату әсерін беруі мүмкін.
Қуат көзін алу немесе ажырату алдында өнімді өшіріңіз: өнім қосулы кезде, я болмаса кескіндер жазылып немесе өшіріліп жатқанда өнімді розеткадан ажыратпаңыз немесе батареяны алмаңыз. Осындай жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің жоғалуына немесе өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Қуаттың кенеттен үзіліп қалмауы үшін өнімді бір жерден екінші жерге айнымалы ток адаптері жалғаулы тұрғанда апаруға әрекет етпеңіз.
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң мен ұлпаны ақырын кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, әрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін аздап таза суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның толық кебуін күтіңіз.
Объектив пен айна тез зақымдалады. Тозаң мен ұлпаны ақырын ғана ауа үргішпен кетіру қажет. Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде сұйықтықтың төгілмеуі үшін құтыны тік күйде ұстаңыз. Объективтегі саусақ іздеріне немесе басқа дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті тазалағыш сұйықтықтың аз ғана мөлшерін құйыңыз және объективті мұқият сүртіңіз.
Кескін сенсорын тазалау туралы ақпаратты «Кескін сенсорын тазалау» (0 Кескін сенсорын тазалау) бөлімінен қараңыз.
Ысырма пердесіне тимеңіз: ысырма пердесі өте жұқа және оңай зақымдалады. Қандай жағдай болмасын, пердеге күш салмау, оны тазалағыш құралдармен түрту немесе ауа үргіштен шығатын қатты ауа ағысын бағыттамау қажет. Бұл әрекеттер перденің сызылуына, деформациялануына немесе жыртылуына әкелуі мүмкін.
Сақтау: өңезді немесе зеңді болдырмау үшін фотокамераны құрғақ, желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз, өрт шықпауы үшін адаптерді суырыңыз. Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, батарея ақпауы үшін оны алып қойыңыз және фотокамераны ылғал тартқышы бар пластмасса сөмкеде сақтаңыз. Дегенмен, фотокамера қабын пластмасса сөмкеде сақтамаңыз, себебі бұл материалдың бұзылуына әкелуі мүмкін. Ылғал тартқыштың ылғалды тарту барысында ақырын өз көлемін жоғалтатынын және жүйелі түрде жаңасын салу қажеттігін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған жерінен, кемінде, айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны қосыңыз және оны қайта салып қоймас бұрын ысырманы бірнеше рет босатыңыз.
Батареяны салқын, әрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны алып тастамас бұрын түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз.
Монитор туралы ескертпелер: монитор өте жоғары дәлдікпен жасалған; нүктелердің кемінде 99,99 % істейді, ең көбі 0,01 % жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Бұл дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі өшірулі (қара) болуы мүмкін нүктелер болғандықтан, бұл ақаулық емес және құрылғымен жазылатын кескіндерге әсер етпейді.
Монитордағы суреттерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
Мониторды күшпен баспаңыз, себебі зақымдалуына немесе ақауына әкелуі мүмкін. Монитордағы тозаң немесе ұлпаларды ауа үргіш арқылы кетіруге болады. Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен ақырын сүрту арқылы кетіруге болады. Монитор сынып қалса, сынған әйнектен жарақат алмау және монитордағы сұйық кристалдың теріге тимеуі немесе көз бен ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.
Муар: муар әсері құрамында мата тоқымасының немесе ғимарат терезелерінің үлгісі сияқты қалыпты, қайталанатын тор бар кескіннің фотокамераның кескін сенсоры торымен әрекеттесуімен пайда болған кедергі үлгісі болып табылады. Егер фотосуреттерде муар әсерін байқасаңыз, ұлғайтып және кішірейтіп немесе нысан мен фотокамера арасындағы бұрышты өзгертіп, нысанға дейінгі қашықтықты өзгертіп көріңіз.
Батарея мен зарядтау құрылғысы : батареялар дұрыс пайдаланбаса, ағып кетуі немесе жарылуы мүмкін. Батареяларды және зарядтау құрылғыларын пайдаланған кезде мына сақтық шараларын сақтаңыз:
- Осы жабдықта пайдалану үшін құпталған батареяларды ғана пайдаланыңыз.
- Батареяны отқа салмаңыз немесе шамадан тыс ыстық әсеріне душар етпеңіз.
- Батареяның шеттерін таза күйде ұстаңыз.
- Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді өшіріңіз.
- Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау құрылғысынан шығарыңыз және түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз. Бұл құрылғылар өшірулі болғанның өзінде аздаған заряд алып отырады және батарея қуатын батарея жарамсыз болатындай деңгейде дейін түсіруі мүмкін. Егер батареяны белгілі бір уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны фотокамераға салып, қайта алу және қоршаған орта температурасы 15 °C–25 °C (ыстық немесе өте салқын жерлерді таңдамаңыз) аралығындағы жерде сақтамас бұрын оны қуаты таусылғанша пайдаланыңыз. Бұл процесті кемінде алты ай сайын қайталаңыз.
- Батарея толық разрядталған кезде фотокамераны қайта-қайта қосу және өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартады. Пайдалану алдында заряды толық таусылған батареяларды зарядтау керек.
- Батарея пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы көтерілуі мүмкін. Ішкі температурасы жоғары кезде батареяны зарядтау әрекеті батарея тиімділігін төмендетеді және батарея зарядталмауы немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында батареяның салқындауын күтіңіз.
- Батареяны іште, 5 °C–35 °C қоршаған орта температураларында зарядтаңыз. Батареяны 0 °C-тан төмен немесе 40 °C-тан жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз; бұл сақтық шарасын қолданбау батареяны зақымдауы немесе оның өнімділігін нашарлатуы мүмкін. 0 °C–15 °C аралығындағы және 45 °C–60 °C аралығындағы батарея температураларында сыйымдылық төмендеуі және зарядтау уақыттары артуы мүмкін. Температурасы 0 °C-тан төмен болса немесе 60 °C-тан жоғары болса, батарея зарядталмайды.
- Зарядтау кезінде CHARGE шамы жылдам жыпылықтаса (секундына шамамен сегіз рет), температура дұрыс ауқымда екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін зарядтау құрылғысын розеткадан суырыңыз, сөйтіп батареяны шығарып, қайта салыңыз. Егер мәселе шешілмесе, бірден пайдалануды доғарып, батарея мен зарядтау құрылғысын жергілікті сауда орнына немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне апарыңыз.
- Зарядтау кезінде зарядтау құрылғысын қозғамаңыз немесе батареяны ұстамаңыз. Осы сақтық шарасын қолданбау өте сирек жағдайларда батарея ішінара зарядталған кезде зарядтау құрылғысының зарядтау аяқталғанын көрсетуіне әкелуі мүмкін. Зарядтауды қайта бастау үшін батареяны алып, қайта салыңыз.
- Батарея толық зарядталғаннан кейін оны зарядтауды жалғастыра беру батарея өнімділігін нашарлатуы мүмкін.
- Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған батареяның белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL14а батареясын сатып алыңыз.
- Зарядтау құрылғысын үйлесімді батареялармен ғана пайдаланыңыз. Пайдаланбаған кезде розеткадан суырып қойыңыз.
- Зарядтау құрылғысының түйіспелерін қысқа тұйықтамаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс ысуына және зақымдануына әкелуі мүмкін.
- Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз. Маңызды шараларда фотосуреттер түсірген кезде қосалқы батареяны дайын және толық зарядталған күйде ұстаңыз. Орналасқан жеріңізге қарай қосалқы батареяларды тез арада сатып алу қиынға соғуы мүмкін. Салқын күндері батареяның сыйымдылығы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сырттағы салқын ауа-райында сурет түсіру алдында батареяның толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. Қосалқы батареяны жылы жерде ұстаңыз және екеуін қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігі қалпына келуі мүмкін.
- Қайта зарядталатын батареяларды жергілікті ережелерге сай, алдымен түйіспе тұстарды лентамен оқшаулап қайта өңдеуге тапсырыңыз.