Фотосуреттерді басып шығару
Таңдалған JPEG кескіндерін фотокамераға тікелей жалғанған PictBridge принтерінде (0 PictBridge) басып шығаруға болады.
Принтерді жалғау
Фотокамераны USB кабельді (бөлек сатылады) пайдаланып жалғаңыз. Жалғағыштарды белгілі бір бұрышпен салу үшін күш қолданбаңыз немесе мұны істеуге тырыспаңыз.
Фотокамераны және принтерді қосқанда мониторда сәлемдесу экраны, содан кейін PictBridge қарау дисплейі көрсетіледі.
Фотосуреттерді басып шығару үшін таңдау
NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді (0 NEF (RAW)) басып шығару үшін таңдау мүмкін емес. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып жасауға болады (0 NEF (RAW) Processing (NEF (RAW) өңдеу)).
Тікелей USB байланысы арқылы басып шығару
Батарея толығымен зарядталғанына көз жеткізіңіз немесе қосымша айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын пайдаланыңыз. Тікелей USB байланысы арқылы басып шығарылатын фотосуреттерді түсіргенде Color space (Түс кеңістігі) параметрін sRGB мәніне орнатыңыз (0 Color Space (Түс кеңістігі)).
Күнді басу
Баптау мәзіріндегі Date stamp (Күн белгісі) параметрін (0 Date Stamp (Күн белгісі)) пайдаланып жазылған күн туралы ақпаратты қамтитын фотосуреттерді басып шығару кезінде PictBridge мәзіріндегі Print date (Күнді басып шығару) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдасаңыз, күн екі рет көрсетіледі. Дегенмен, егер фотосуреттер жиексіз кесілсе немесе басып шығарылса, басылған күн кесілуі мүмкін.
Суреттерді бір-бірлеп басып шығару
-
Қажет суретті көрсетіңіз.
Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Ағымдағы кадрды ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз (0 Ұлғайту немесе кішірейту/кескіннің басқа аумақтарын көру; масштабтаудан шығу үшін K түймешігін басыңыз). Бір мезетте алты суретті көру үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Суреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басыңыз.
-
Принтердің параметрлерін реттеңіз.
J түймешігін басып төмендегі элементтерді көрсетіңіз, содан кейін 1 немесе 3 түймешігін басып элементті белгілеңіз және параметрлерді көру үшін 2 түймешігін басыңыз (ағымдағы принтер қолдау көрсететін параметрлер ғана көрсетіледі; әдепкі параметрді пайдалану үшін Printer default (Принтердің әдепкі параметрі) параметрін таңдаңыз). Параметрді таңдағаннан кейін принтер параметрлерінің мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
Параметр Сипаттама Page size (Бет өлшемі) Бет өлшемін таңдаңыз. No. of copies (Көшірмелер саны) Бұл параметр суреттер бір бірлеп басылғанда ғана көрсетіледі. Көшірмелер санын (ең көбі 99) таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Border (Жиек) Фотосуреттерді ақ жиектерге алу керек пе, соны таңдаңыз. Print date (Күнді басып шығару) Фотосуреттердегі жазбалардың уақыттары мен күндерін басу қажеттілігін таңдаңыз. Cropping (Кесу) Бұл параметр суреттер бір бірлеп басылғанда ғана көрсетіледі. Кесусіз шығу үшін No cropping (Кесусіз) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Ағымдағы суретті кесу үшін Crop (Кесу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Кесіндіні таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі; кесінді өлшемін арттыру үшін X түймешігін, азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз, әрі кесіндіні орналастыру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Шағын кесінділер үлкен өлшемдермен басылса, баспа сапасы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз. -
Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып шығаруды бастау) пәрменін таңдап, J түймешігін басыңыз. Барлық көшірмелер басып шығарылмай тұрып тоқтату үшін J түймешігін басыңыз.
Бірнеше суретті басып шығару
-
PictBridge мәзірін көрсетіңіз.
PictBridge қарау дисплейіндегі G түймешігін басыңыз.
-
Параметрді таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
- Print select (Таңдалғандарды басып шығару): суреттерді басып шығару үшін таңдау. Суреттерді жүгірте қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз) және басып шығарулар санын таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Суреттен таңдауды алу үшін басып шығару санын нөлге орнатыңыз.
- Select date (Күнді таңдау): таңдалған күндерде түсірілген барлық суреттердің бір көшірмесін басып шығару. Күндерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған күнде түсірілген суреттерді көру үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Суреттерді жүгірте қарау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе ағымдағы суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Күнді таңдау тілқатысу терезесіне оралу үшін W (Q) түймешігін қайта басыңыз.
- Index print (Сурет нобайлары бар бет): жад картасындағы барлық JPEG суреттерінің сурет нобайлары бар бетін жасау үшін 3-қадамға өтіңіз. Жад картасында 256 аса сурет болса, тек алғашқы 256 кескін басып шығарылатынын ескеріңіз. 3-қадамда таңдалған бет өлшемі сурет нобайлары бар бет үшін тым кішкентай болса, ескерту көрсетіледі.
-
Принтердің параметрлерін реттеңіз.
Принтер параметрлерін «Суреттерді бір-бірлеп басып шығару» (0 Суреттерді бір-бірлеп басып шығару) бөлімінің 2-қадамында сипатталғандай реттеңіз.
-
Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып шығаруды бастау) пәрменін таңдап, J түймешігін басыңыз. Барлық көшірмелерді басып шығарылмас бұрын тоқтату үшін J түймешігін басыңыз.