Фотосуреттерді өшірілуден қорғау
Толық өлшемді, масштабтау, сурет нобайларын және күнтізбені қарау режимдерінде A (L) түймешігін фотосуреттерді кездейсоқ өшірілуден қорғау үшін пайдалануға болады. Қорғалған файлдарды O түймешігін немесе ойнату мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланып өшіру мүмкін емес. Жад картасы пішімделген кезде қорғалған кескіндер өшірілетінін ескеріңіз (0 Format Memory Card (Жад картасын пішімдеу)).
Фотосуретті қорғау үшін:
-
Кескінді таңдаңыз.
Кескінді толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау режимінде көрсетіңіз, я болмаса оны сурет нобайларының тізімінде белгілеңіз.
-
A (L) түймешігін басыңыз.
Фотосурет P белгішесімен белгіленеді. Өшіруге болатындай фотосуреттен қорғауды алу үшін фотосуретті көрсетіңіз немесе сурет нобайлары тізімінде белгілеңіз, содан кейін A (L) түймешігін басыңыз.
Барлық кескіндерден қорғауды алу
Қазіргі уақытта Playback folder (Ойнату қалтасы) мәзірінде таңдалған қалтадағы немесе қалталардағы барлық кескіндерден қорғауды алу үшін (0 Playback Folder (Ойнату қалтасы)) ойнату кезінде A (L) және O түймешіктерін шамамен екі секунд бойы бірге басыңыз.