Фотокамера бірнеше «көрініс» режимін ұсынады. Көрініс режимін таңдау параметрлерді таңдалған көрініске қолайлы болатындай автоматты түрде оңтайландырып, жасампаз фотосурет түсіруді ««Бағытта да, түсір» режимінде фотосурет түсіру (i және j режимдері)» бөлімінде сипатталғандай режимді таңдау, суретті жақтауға алу және суретке түсіру сияқты оңай етеді (0 «Бағытта да, түсір» режимдері (i және j)).

Келесі көріністерді режимді таңдау дискімен таңдауға болады:

k Close up (Портрет)
m Sports (Спорт)
n Portrait (Жақыннан түсіру)
o Night portrait (Түнгі портрет)

k Portrait (Портрет)

Жұмсақ әрі шынайы көрінетін тері реңктері бар портреттер үшін пайдаланыңыз. Нысан артқы фоннан алыс тұрса немесе телефото объективі пайдаланылса, артқы фондағы кішігірім элементтер жұмсартылып, кадр жиектемесіне тереңдік сезімін береді.

m Sports (Спорт)

Жоғары ысырма жылдамдықтары динамикалық спорт түсірілімдерінде қозғалысты қатырып, негізгі нысанды бөлектеп анық көрсетеді.

Ескертпе

Кірістірілген жарқыл мен АФ қосымша шамы өшеді.

n Close up (Жаққыннан түсіру)

Гүлдерді, жәндіктерді және өзге де кішігірім нысандарды жақыннан түсіру үшін пайдаланыңыз (өте жақын жерден фокустау үшін макрообъективті пайдалануға болады).

o Night Portrait (Түнгі портрет)

Жарық аз болғанда түсірілген портреттерде негізгі нысан мен артқы фон арасында табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін пайдаланыңыз.

Бұлдыратуды болдырмау

Ысырманың баяу жылдамдықтарындағы фотокамераның дірілі тудыратын бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланыңыз.