Кірістірілген жарқылды табиғи жарық тиісті емес кезде ғана емес, көлеңкелерді және артқы жағы жанып тұрған нысандарды қосымша жарықтандыру немесе нысанның көздеріне жарық қосу үшін де пайдалануға болады.

Автоматты жарқыл шығару режимдері

i, k, n, o, S, T, U және ' режимдерінде кірістірілген жарқыл қажет кезде автоматты түрде шығады және жанады.

  1. Жарқыл режимін таңдаңыз.

    M (Y) түймешігін басып тұрып, қажетті жарқыл режимі көрсетілгенше басқару дискін айналдырыңыз.

    M (Y) түймешігі

    Басқару дискі

  2. Фотосуреттерді түсіріңіз.

    Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде жарқыл қажет болған кезде шығып, фотосуретті түсіру кезінде жанады. Жарқыл автоматты түрде шықпаса, оны қолмен көтеруге әрекеттенбеңіз. Бұл сақтық шарасы қолданылмаса, жарқыл зақымдалуы мүмкін.

Жарқыл режимдері

Мына жарқыл режимдері қол жетімді:

  • No (автоматты): жарықтандыру нашар немесе нысанның артқы жағы жанып тұрған кезде, жарқыл ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде автоматты түрде шығады және қажет болған кезде жанады. o режимінде қол жетімді емес.
  • Njo (автоматты + қызыл көз әсерін азайту): портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл қажет кезды шығады және жанады, бірақ ол жанбай тұрып «қызыл көз» әсерін азайту үшін қызыл көз әсерін азайту шамы жанады. o режимінде қол жетімді емес.
  • Njr (автоматты баяу синхрондау + қызыл көз әсерін азайту): қызыл көз әсерін азайту мүмкіндігі бар автоматты жарқыл сияқты, бірақ фондық жарықтандыруды түсіру үшін баяу ысырма жылдамдықтары пайдаланылады. Түнде немесе төмен жарықта түсірілетін портреттер үшін пайдаланыңыз. o режимінде қол жетімді.
  • Nr (автоматты баяу синхрондау): баяу ысырма жылдамдықтары түнде немесе төмен жарықта түсірілген түсірілімдерде артқы фон жарығын жазу үшін пайдаланылады. o режимінде қол жетімді.
  • j (жарқыл өшірулі): жарқыл жанбайды.

Ақпараттық дисплей

Сондай-ақ жарқыл режимін ақпараттық дисплейде таңдауға болады (0 R (Ақпарат) түймешігі).

Қолмен жарқыл шығару режимдері

P, S, A және M режимдерінде жарқылды қолмен көтеру керек. Жарқыл көтерілмеген болса жанбайды.

  1. Жарқылды көтеріңіз.

    Жарқылды көтеру үшін M (Y) түймешігін басыңыз. Қосымша сыртқы жарқыл жалғанса, кірістірілген жарқыл шығарылмайтынын ескеріңіз; 2-қадамға өтіңіз.

    M (Y) түймешігі

  2. Жарқыл режимін таңдаңыз.

    M (Y) түймешігін басып тұрып, қажетті жарқыл режимі көрсетілгенше басқару дискін айналдырыңыз.

    M (Y) түймешігі

    Басқару дискі

  3. Фотосуреттерді түсіріңіз.

    Жарқыл сурет түсірілген кезде жанады.

Жарқыл режимдері

Мына жарқыл режимдері қол жетімді:

  • N (толықтырғыш жарқыл): жарқыл әрбір суретте жанады.
  • Nj (қызыл көз әсерін азайту): портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл әр түсірілімде жанады, бірақ ол жанбай тұрып «қызыл көз» әсерін азайту үшін қызыл көз әсерін азайту шамы жанады.
  • Njp (баяу синхрондау + қызыл көз әсерін азайту): жоғарыдағы «қызыл көз әсерін азайту» сияқты, бірақ түнде немесе жарық азда фондық жарықтандыруды түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Портреттік суреттерде артқы фон жарығын қосу үшін пайдаланыңыз. S және M режимдерінде қол жетімді емес.
  • Np (баяу синхрондау): жоғарыдағы «толықтырғыш жарқыл» сияқты, бірақ түнде немесе жарық азда фондық жарықтандыруды түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Нысанды да, артқы фонды да жазу керек болса пайдаланыңыз. S және M режимдерінде қол жетімді емес.
  • Nt (артқы перде + баяу синхрондау): төмендегі «артқы пердемен синхрондау» сияқты, бірақ түнде немесе жарық азда фондық жарықтандыруды түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Нысанды да, артқы фонды да жазу керек болса пайдаланыңыз. S және M режимдерінде қол жетімді емес.
  • Nq (артқы пердемен синхрондау): жарқыл тура ысырма жабылар алдында жанады, осылайша төменде оң жақта көрсетілгендей қозғалыстағы жарық көздерінің артында жарық ағынын жасайды. P және A режимдерінде қол жетімді емес.

    Алдыңғы пердемен синхрондау

    Артқы пердемен синхрондау

Кірістірілген жарқылды төмен түсіру

Жарқыл пайдаланылмаған кезде қуатты үнемдеу үшін оны ілмегі шырт етіп орнына түскенше төмен қарай ақырын басыңыз.

Кірістірілген жарқыл

Көлеңкелерді болдырмау үшін блендаларды алып тастаңыз. Жарқылдың ең төменгі ауқымы шамамен 0,6 м болып табылады және оны макро функциясы бар масштабтау объективтерінің макро ауқымында пайдалану мүмкін емес. Фокустық қашықтықтары 18 мм – 300 мм объективтерді пайдаланыңыз; жарқыл фокустық қашықтықтары 18 мм-ден төмен объективтермен бірге пайдаланылса, перифериялық жарық төмендеуі мүмкін.

Қатарынан бірнеше сурет түсірілгеннен кейін жарқылды қорғау үшін ысырманы босату мүмкіндігі аз уақытқа ажыратылуы мүмкін. Аздаған кідірістен кейін жарқылды қайта пайдалануға болады.

Кірістірілген жарқылмен бірге пайдалануға болатын ысырма жылдамдықтары

Кірістірілген жарқыл пайдаланылған кезде ысырма жылдамдығы мына ауқымдармен шектеледі:

Режим Ысырма жылдамдығы
i, k, n, S, T, U, ', P, A 1/200 – 1/60 с
o 1/200 – 1 с
S 1/200 – 30 с
M 1/200 – 30 с, «Bulb», «Time»

Апертура, сезімталдық және жарқыл ауқымы

Жарқылдың ауқымы сезімталдық мәніне (ISO баламасына) және апертураға қарай әр түрлі болады.

Мына ISO баламаларындағы апертура Шамамен ауқымы
100 200 400 800 1600 3200 6400 m
1.4 2 2.8 4 5.6 8 11 1,0–6,0
2 2.8 4 5.6 8 11 0,7–4,2
2.8 4 5.6 8 11 0,6–3,0
4 5.6 8 11 0,6–2,1
5.6 8 11 0,6–1,5
8 11 0,6–1,1
11 0,6–0,7