Слайд көрсетілімдері
Ойнату мәзіріндегі Slide show (Слайд көрсетілімі) параметрі ағымдағы ойнату қалтасындағы суреттердің слайд көрсетілімін көрсету үшін пайдаланылады (0 Playback Folder (Ойнату қалтасы)).
-
Slide show (Слайд көрсетілімі) пәрменін таңдаңыз.
Ойнату мәзіріндегі Slide show (Слайд көрсетілімі) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Слайд көрсетілімін бастаңыз.
Слайд көрсетілімі мәзіріндегі Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Слайд көрсетілімі орындалып жатқанда мына әрекеттерді орындауға болады:
Мақсат Сипаттама Кері өту/алға өту Алдыңғы кадрға оралу үшін 4 түймешігін басыңыз, келесі кадрға өту үшін 2 түймешігін басыңыз. Фотосурет туралы қосымша мәліметті көру Көрсетілген фотосурет туралы мәліметті өзгерту немесе жасыру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (0 Photo Information (Фотосурет туралы мәлімет)). Кідірту Слайд көрсетілімін кідірту үшін J түймешігін басыңыз. Қайта іске қосу үшін Restart (Қайта іске қосу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Дыбыс деңгейін көтеру/төмендету Дыбыс деңгейін көтеру үшін бейнефильмді ойнату кезінде X түймешігін, ал азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Ойнату режиміне шығу Слайд көрсетілімін аяқтау және ойнату режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз.
Көрсетілім аяқталғанда диалогтық терезе көрсетіледі. Қайта бастау үшін Restart (Қайта бастау) пәрменін немесе қарау мәзіріне оралу үшін Exit (Шығу) пәрменін таңдаңыз.
Слайд көрсетілімінің параметрлері
Слайд көрсетілімін бастамай тұрып слайд көрсетілімі мәзіріндегі параметрлерді пайдаланып, көрсетілетін кескіндерді түрі немесе бағасы бойынша таңдауға және әр кескінді көрсету ұзақтығын таңдауға болады.
Image type (Кескін түрі): Still images and movies (Фотосуреттер және бейнефильмдер), Still images only (Тек фотосуреттер), Movies only (Тек бейнефильмдер) және By rating (Бағасы бойынша) арасынан таңдаңыз. Тек бағалары таңдалған суреттерді қосу үшін By rating (Бағасы бойынша) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Бағалардың тізімі көрсетіледі; бағаларды белгілеңіз және слайд көрсетілміне қосу үшін белгіленген бағасы бар суреттерді таңдау немесе таңдауды алу үшін 2 түймешігін басыңыз. Таңдалған бағалар құсбелгімен көрсетіледі. Қажет бағалар таңдалғаннан кейін шығу үшін J түймешігін басыңыз.
Frame interval (Кадр аралығы): фотосуреттер қанша уақыт бойы көрсетілетінін таңдау.