Экспозиция
Өлшеу
Фотокамераның экспозицияны орнату әдісін таңдаңыз.
Әдіс | Сипаттама | |
---|---|---|
L | Matrix metering (Матрицалық өлшем) | Жағдайлардың көпшілігінде табиғи нәтижелерді береді. Фотокамера кадрдың кең аумағын өлшейді және реңк үлестіріміне, түске, кадр жиектемесіне және қашықтыққа сай экспозицияны орнатады. |
M | Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу) | Портреттерге арналған классикалық өлшегіш. Фотокамера кадрды толық өлшейді, бірақ ең көп салмақты орталық аумаққа тағайындайды. Экспозицияның өзгеру еселігі (сүзгі коэффициенті) 1× мәнінен асатын сүзгілерді пайдаланғанда ұсынылады. |
N | Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш) | Артқы фоны әлдеқайда жарығырақ немесе күңгірттеу болса да, нысанның дұрыс экспозициялануын қамтамасыз ету үшін осы режимді таңдаңыз. Фотокамера ағымдағы фокустау нүктесін өлшейді; ортадан тыс нысандарды өлшеу үшін пайдаланыңыз. |
-
Өлшеу параметрлерін көрсетіңіз.
P түймешігін басыңыз, содан кейін ақпараттық дисплейде ағымдағы өлшеу әдісін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Өлшеу әдісін таңдаңыз.
Параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Нүктелі экспоөлшегіш
Көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде AF-area mode (АФ аумағының режимі) үшін e (Auto-area AF (АФ аумағын автоматты түрде таңдау)) таңдалған болса (0 AF-Area Mode (АФ аумағының режимі)), фотокамера орталық фокустау нүктесін өлшейді.
Автоэкспозиция құлпы
Экспозицияны өлшеу үшін M (Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу)) және N (Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш)) әдістерін пайдаланғаннан кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін автоэкспозиция құлпын пайдаланыңыз; автоэкспозиция құлпы i немесе j режимінде қол жетімді емес екенін ескеріңіз.
-
Экспозицияны құлыптаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Ысырманы босату түймешігін жартылай басып және нысанды фокустау нүктесіне орналастырып, экспозицияны құлыптау үшін A (L) түймешігін басыңыз.
Экспозиция құлпы қосулы кезде көріністапқышта және мониторда АE-L индикаторы пайда болады.
-
Фотосуретті қайта жиектеңіз.
A (L) түймешігін басып тұрып фотосуретті қайта жиектеңіз және суретке түсіріңіз.
Ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеу
Экспозиция құлпы қосулы кезде, келесі параметрлерді экспозицияның өлшенген мәнін өзгертпестен реттеуге болады:
Режим | Параметр |
---|---|
Бағдарламаланған автоматты режим | Ысырма жылдамдығы мен апертура (икемді бағдарлама; 0 Икемді бағдарлама) |
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим | Ысырма жылдамдығы |
Апертура басымдығы бар автоматты режим | Апертура |
Жаңа мәндерді фотокамера дисплейлерінде тексеруге болады.
Экспозиция құлпы қосулы кезде өлшеу әдісін өзгерту мүмкін емес.
Экспозиция түзетілімі
Экспозиция түзетілімі фотокамера ұсынған мән беретін экспозицияны өзгерту үшін пайдаланылады, бұл суреттерді жарығырақ немесе күңгірттеу етеді (0 Экспозиция түзетілімі). Ол M (Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу)) немесе N (Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш)) (0 Өлшеу) әдісімен бірге пайдаланылғанда ең тиімді.
Экспозиция түзетілімі үшін мәнді таңдау үшін E (N) түймешігін басып тұрыңыз және басқару дискін қажетті мән көрсетілгенше айналдырыңыз.
Қалыпты экспозицияны экспозиция түзетілімін ±0 мәніне орнату арқылы қалпына келтіруге болады. P, S, A және M режимдерінде фотокамера өшірілгенде экспозиция түзетілімі қалпына келтірілмейді. Көрініс және % режимдерінде басқа режим таңдалғанда немесе фотокамера өшірілгенде экспозиция түзетілімі қалпына келтіріледі.
Ақпараттық дисплей
Сондай-ақ экспозиция түзетілімінің параметрлеріне ақпараттық дисплейден қатынасуға болады (0 P түймешігі).
M режимі
M режимінде экспозиция түзетілімі тек экспозиция индикаторына әсер етеді.
Жарқылды пайдалану
Жарқыл қолданылған кезде, экспозиция түзетілімі артқы фон экспозициясына да, жарқыл деңгейіне де әсер етеді.
Жарқыл түзетілімі
Жарқыл түзетілімі фотокамера ұсынған деңгей беретін жарқылды өзгерту үшін пайдаланылады және негізгі нысан жарықтығын артқы фонға қатысты өзгертеді. Жарқыл шығысын негізгі нысанды жарығырақ ету үшін арттыруға я болмаса қажет емес жарық аумақтарды немесе шағылысуларды болдырмау үшін азайтуға болады (0 Жарқыл түзетілімі).
M (Y) және E (N) түймешіктерін басып тұрып, қажетті мән көрсетілгенше басқару дискін айналдырыңыз. Қалыпты жарқыл қуатын жарқыл түзетілімін ±0 мәніне орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Жарқыл түзетілімі фотокамера өшірілген кезде қалпына келмейді (көрініс режимінде басқа режим таңдалғанда немесе фотокамера өшірілгенде жарқыл түзетілімі қалпына келтіріледі).
Ақпараттық дисплей
Сондай-ақ жарқыл түзетілімінің параметрлеріне ақпараттық дисплейден қатынасуға болады (0 P түймешігі).
Қосымша жарқыл бөліктері
Сондай-ақ, жарқыл түзетілімі Nikon шығармашыл жарық жүйесіне (CLS; 0 Үйлесімді жарқыл бөліктері) қолдау көрсететін қосымша жарқыл бөліктерінде қолжетімді. Қосымша жарқыл бөлігімен таңдалған жарқыл түзетілімі фотокамерамен таңдалған жарқыл түзетіліміне қосылады.