Бейнефильмдер толық өлшемде қарау режимінде 1 белгішесімен көрсетіледі (0 Толық өлшемде қарау). Ойнатуды бастау үшін J түймешігін басыңыз; ағымдағы орын бейнефильмнің орындалу барысының жолағымен көрсетіледі.

1 1 белгішесі
2 Ұзақтығы

 

3 Ағымдағы күйі/жалпы ұзақтығы
4 Бейнефильмнің орындалу барысының жолағы
5 Дыбыс деңгейі
6 Анықтама

Келесі әрекеттерді орындауға болады:

Мақсат Сипаттама
Кідірту Ойнатуды кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз.
Ойнату Бейнефильм кідіртілгенде немесе кері айналдыру/алға айналдыру кезінде ойнатуды жалғастыру үшін J түймешігін басыңыз.
Кері/алға айналдыру Кері айналдыру үшін 4 түймешігін, алға айналдыру үшін 2 түймешігін басыңыз. Жылдамдық әрбір басумен 2×, 4×, 8×, 16× аралығында артады; бейнефильмнің басына немесе аяғына өту үшін басқару тетігін басып ұстап тұрыңыз (бірінші кадр монитордың жоғарғы оң жақ бұрышындағы h арқылы, соңғы кадр i арқылы көрсетіледі). Егер қарау кідіртілсе, әр басқан сайын бейнефильм бір-бір кадрдан кері немесе алға айналады; кері немесе алға үздіксіз айналдыру үшін басқару тетігін басып тұрыңыз.
Баяу қозғалыспен ойнатуды бастау Баяу қозғалыспен ойнатуды бастау үшін бейнефильм кідіртулі кезде 3 түймешігін басыңыз.
10 сек өткізіп жіберу 10 сек алға немесе кері өткізіп жіберу үшін басқару дискін бір тоқтауға айналдырыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу Дыбыс деңгейін арттыру үшін X түймешігін, азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз.
Толық өлшемде қарау режиміне оралу Толық өлшемде қараудан шығу үшін 1 немесе K түймешігін басыңыз.