Батареяның жарамды мерзімі
Толық зарядталған батареялармен жазуға болатын бейнефильмнің түсірілген бөлігі немесе түсірілімдер саны батареяның жағдайына, температураға, түсірілімдер арасындағы аралыққа және мәзірлер көрсетілетін уақыт ұзақтығына байланысты әр түрлі болады. EN-EL14а (1230 мАс) батареялары үшін сандар үлгісі төменде берілген.
- Фотосуреттер, әр кадр бойынша суретке түсіру режимі (CIPA стандарты 1): шамамен 1550 сурет
- Бейнефильмдер: 1080/60p пішімінде шамамен 75 минут 2
Мына сынақ жағдайларында AF-P DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR объективімен 23 °C (±2 °C) деңгейінде өлшенген: объектив шексіздік деңгейінен минималды ауқымға өтеді және 30 с сайын бір фотосурет бір рет әдепкі параметрлерде түсіріледі; фотосурет түсірілгеннен кейін монитор 4 с қосылады; монитор өшірілгеннен кейін сынаушы күту режимі таймерінің аяқталуын күтеді; әрбір екінші түсірілімде жарқыл толық қуатында бір рет жанады. Тікелей көрініс пайдаланылмайды.
Фотокамераның әдепкі параметрлерінде және Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды және суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) белгілеген шарттармен AF-P DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR объективімен 23 °C (±2 °C) деңгейінде өлшенген. Жеке бейнефильмдер 4 ГБ өлшемінде ұзақтығы 20 минутқа дейін болуы мүмкін; егер фотокамера температурасы көтерілсе, осы шектеулерге жетпей жазу аяқталуы мүмкін.
Келесі әрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін:
- Мониторды пайдалану
- Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған күйде ұстап тұру
- Қайталанатын автофокус әрекеттері
- NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттерді түсіру
- Ысырманың баяу жылдамдықтары
- Фотокамераның Bluetooth мүмкіндіктерін пайдалану
- Фотокамераны қосымша керек-жарақтар жалғанған күйде пайдалану
- ДА объективтерінде ДА (дірілді азайту) режимін пайдалану
- AF-P объективімен қайта-қайта ұлғайту және кішірейту.
Қайта зарядталатын Nikon EN-EL14а батареяларын барынша пайдалану үшін:
- Батарея түйіспелерін таза күйде ұстаңыз. Ластанған түйіспелер батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
- Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден пайдаланыңыз. Батареялар қолданылмаса, зарядын жоғалтады.