Кескіндерді көру
Толық өлшемде қарау
Фотосуреттерді қарау үшін K түймешігін басыңыз. Мониторда ең соңғы фотосурет көрсетіледі. Қосымша суреттерді 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы көрсетуге болады; ағымдағы фотосурет туралы қосымша ақпаратты көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (0 Фотосурет туралы мәлімет). Ағымдағы сурет бейнефильм екенін көрсету үшін 1 белгішесімен белгіленген болса, J түймешігі басылғанда бейнефильмді ойнату басталады (0 Бейнефильмдерді көру).
Ойнату режимдері
Толық өлшемде қараудан сурет нобайларын көруге «кішірейту» үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Көрсетілетін кескіндердің саны түймешікті басқан сайын артады (ең көбі 72-ге дейін). Таңдалған күндерде түсірілген суреттерді көру үшін 72 кескін көрсетілгенде W (Q) түймешігін басыңыз (күнтізбені қарау).
X
W (Q)
X
W (Q)
Сурет нобайын қарау
Көрсетілетін кескіндердің саны W (Q) түймешігін басқан сайын 4, 9, 72 деп артады және X түймешігін басқан сайын азаяды. Кескіндерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.
Күнтізбені қарау
Күндер тізімінде күндерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз; таңдалған күнде түсірілген суреттер сурет нобайлары тізімінде көрінеді. J немесе W (Q) түймешігін басу жүгіргіні сурет нобайларының тізіміне орналастырады. Мұнда толық өлшемді қарау, ойнатуды масштабтау (0 Жақынырақ қарау: ойнатуды масштабтау), қорғау (0 Фотосуреттерді өшірілуден қорғау) немесе өшіру (0 Фотосуреттерді өшіру) үшін кескіндерді таңдау үшін мульти селекторды пайдалануға, я болмаса қазіргі уақытта белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұруға болады. Күндер тізіміне оралу үшін W (Q) түймешігін басыңыз. 72 кадрды қараудан шығу үшін жүгіргі күндер тізімінде болғанда X түймешігін басыңыз.
P түймешігі
Толық өлшемде қарау немесе күнтізбені қарау режимінде P түймешігін басу төменде тізілген параметрлерді көрсетеді. Параметрлерді көру үшін элементтерді белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
- Rating (Баға): ағымдағы суретке баға беру (0 Жекелеген суреттерге баға беру).
- Retouch (Өңдеу) (тек фотосуреттер): ағымдағы фотосуреттің өңделген көшірмесін жасау үшін өңдеу мәзіріндегі параметрлерді пайдаланыңыз (0 N Өңдеу мәзірі: өңделген көшірмелер жасау).
- Edit movie (Бейнефильмді өңдеу) (тек бейнефильмдер): бейнефильмдерді бейнефильм өңдеу мәзіріндегі параметрлерді пайдаланып өңдеу (0 Editing Movies (Бейнефильмдерді өңдеу)). Сондай-ақ, бейнефильмдерді бейнефильмді ойнату кідіртілген кезде P түймешігін басу арқылы өңдеуге болады.
- Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) (тек фотосуреттер): смарт құрылғыға кері жүктейтін фотосуреттерді таңдау.
P түймешігінің мәзірінен шығу және ойнатуға оралу үшін P түймешігін қайтадан басыңыз.