Жүктеп салу үшін фотосуреттерді таңдау
SnapBridge қолданбасын суреттерді смарт құрылғыға сымсыз байланыс арқылы жүктеп салу үшін пайдалануға болады (0 SnapBridge арқылы қосылу). Смарт құрылғыға жүктеп салатын фотосуреттерді таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Бейнефильмдерді жүктеп салу үшін таңдау мүмкін емес; фотосуреттерді 2 меганүкте өлшемінде жүктеп салуға болады.
Жекелеген фотосуреттерді таңдау
-
Фотосуретті таңдаңыз.
Кескінді көрсетіңіз немесе белгілеңіз.
-
Ойнату параметрлерін көрсетіңіз.
Ойнату параметрлерін көрсету үшін P түймешігін басыңыз.
-
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберуді таңдау/таңдауды алу) пәрменін таңдаңыз.
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберуді таңдау/таңдауды алу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Жүктеп салу үшін таңдалған суреттер & белгішесі арқылы көрсетіледі; таңдауды алу үшін кескінді көрсетіңіз немесе белгілеңіз және 2 мен 3 қадамдарын қайталаңыз.
Бірнеше фотосуретті таңдау
Бірнеше фотосуреттің жүктеп салу күйін өзгерту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Select image(s) (Кескінд(ерд)і таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Ойнату мәзірінде Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін Select image(s) (Кескінд(ерд)і таңдау) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
Фотосуреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау немесе таңдауын алу үшін W (Q) түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Таңдалған фотосуреттер & белгішесімен белгіленеді.
-
J түймешігін басыңыз.
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Барлық фотосуреттерден таңдауды алу
Барлық фотосуреттерден таңдауды алу үшін ойнату мәзірінде Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пәрменін таңдаңыз, Deselect all (Барлығынан таңдауды алу) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; жад картасындағы барлық фотосуреттерден жүктеп салу белгісін алу үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.