Фотокамераны кейбір елдерде немесе аймақтарда қолжетімді AF-P DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR объектив жинағымен бірге сатып алсаңыз, осы бөлімді оқыңыз. Объектив бөлшектері төменде тізілген.

1 Объектив қақпағы
2 Бленданы бекіту таңбасы
3 Жиналмалы объективтің бөшке іспеттес түймешігі
4 Фокустық қашықтық шкаласы
5 Фокустық қашықтық таңбасы
6 Объективті бекіту таңбасы
7 Микропроцессор түйіспелері
8 Фокустау сақинасы
9 Масштабтау сақинасы
10 Объективтің артқы қақпағы

Бұл ішке қарай жиналатын объектив тек DX пішімді Nikon сандық айналы фотокамераларында пайдалануға арналған; пленкалық айналы фотокамераларға және D3 сериялы, D2 сериялы, D1 сериялы, D700, D300 сериялы, D200, D100, D90, D80, D70 сериялы, D60, D50, D40 сериялы, D7000, D5100, D5000, D3200, D3100, D3000 сандық айналы фотокамераларына қолдау көрсетілмейді. Оны D5, D4 сериялы, D810 сериялы, D800 сериялы, Df, D750, D610, D600, D7200, D7100, D5500, D5300 немесе D3300 фотокамерасында пайдаланғанда фотокамераның бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Фокус

Фокустау режимін фотокамераның басқару тетіктерін пайдаланып таңдауға болады (0 Focus Mode (Фокустау режимі)).

Автофокус

Фотокамера автофокус режимінде болғанда фокус автоматты түрде реттеледі (0 Focus Mode (Фокустау режимі)). Сондай-ақ, фокустау сақинасын ысырманы босату түймешігі жартылай басылып тұрса (немесе AF-ON түймешігі басылып тұрса), фотокамераны фокустау үшін пайдалануға болады; бұл «қолмен қосымша реттеуге болатын автофокустау» (Қ/А) ретінде белгілі. Автофокус екінші рет ысырманы босату түймешігін жартылай басқанда (немесе AF-ON түймешігін басқанда) жалғасады. Автофокус қолданылып тұрғанда фокустау сақинасына тию фокус күйін өзгертетінін ескеріңіз.

Қолмен реттелетін фокус

Фотокамера қолмен реттелетін фокус режимінде болғанда фокусты объективтің фокустау сақинасын бұру арқылы реттеуге болады (0 Қолмен реттелетін фокус). Фотокамера өшірулі болса немесе күту режимі таймерінің мерзімі бітсе, фокустау сақинасын фокустау үшін пайдалану мүмкін емес және масштабтау сақинасын бұру фокус күйін өзгертеді; фокустау алдында фотокамераны қосыңыз немесе күту режимінің таймерін қайта белсендіру үшін ысырманы босату түймешігін басыңыз.

D5200 фотокамераларының пайдаланушылары күту режимінің таймерінің мерзімінің бітуіне мүмкіндік берілсе, таймер қайта іске қосылғанда фокустау күйі өзгеретінін ескеруі керек. Суретке түсіруден бұрын қайта фокустаңыз. Ұзағырақ күту уақыттары қолмен реттелетін фокус үшін және ысырманы фокустаудан кейін бірден босата алмайтын басқа жағдайларда ұсынылады.

Кірістірілген жарқылды пайдалану

Кірістірілген жарқылды пайдаланған кезде нысанның кемінде 0,6 м ауқымда тұрғанына көз жеткізіңіз және виньеттеуді (объективтің шеті кірістірілген жарқылды жапқан кезде пайда болатын көлеңкелер) болдырмау үшін блендаларды алыңыз.

Көлеңке

Виньеттеу

Келесі фотокамераларға объектив бекіткенде кірістірілген жарқыл төменде көрсетілгеннен азырақ ауқымдарда нысанды толығымен жарықтандыра алмауы мүмкін:

Фотокамера Масштабтау күйі Виньеттеу жоқ минималды қашықтық
D5600/D5500/
D5300/D5200/
D3500/D3400/
D3300
18 мм 1,0 м
24, 35, 45 және 55 мм Виньеттеу жоқ

Дірілді азайту (VR)

AF-P DX NIKKOR 18–55 мм f/3.5–5.6G VR фотокамераға бекітілген болса, дірілді азайтуды суретке түсіру мәзіріндегі Optical VR (Оптикалық БА) параметрін пайдаланып қосуға немесе өшіруге болады (0 Optical VR (Оптикалық БА)). On (Қосулы) күйі таңдалған болса, дірілді азайту ысырманы босату түймешігі жартылай басылған сайын қолданылады. Дірілді азайту фотокамера дірілі тудыратын бұлдыратуды азайтып, басқаша жағдайда болатыннан 4,0 тоқтауға баяуырақ ысырма жылдамдықтарын мүмкін етеді, қол жетімді ысырма жылдамдықтарының ауқымын арттырады. БА ысырма жылдамдығына әсерлері Camera and Imaging Products Association (Фотокамераларды және суретті өңдеу құрылғыларын өндірушілер ассоциациясы) (CIPA) стандарттарына сай өлшенген; FX пішімді объективтер FX пішімді сандық айналы фотокамераларды пайдаланып, DX пішімді объективтер DX пішімді фотокамераларды пайдаланып өлшенген. Масштабтау объективтері максималды масштабта өлшенген.

Дірілді азайту

  • Дірілді азайтуды пайдаланғанда ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз және ысырманы босату түймешігін соңына дейін басу алдында көріністапқыштағы кескіннің тұрақтануын күтіңіз.
  • Дірілді азайту мүмкіндігі қосулы кезде көріністапқыштағы кескін ысырма босатылғаннан кейін бұрмалануы мүмкін. Бұл ақаулықты көрсетпейді.
  • Фотокамера панорамаланған кезде дірілді азайту мүмкіндігі панораманың бөлігі болып табылмайтын қозғалысқа ғана қолданылады (егер фотокамера көлденеңінен панорамаланған болса, мысалы, дірілді азайту мүмкіндігі тек тігінен болатын дірілге қолданылады), бұл панораманы ақырын кең иін түрінде түсіруге мүмкіндік береді.
  • Фотокамера кірістірілген жарқылмен жабдықталған болса, жарқыл зарядталып жатқанда дірілді азайту өшіріледі.
  • Әдетте дірілді азайту фотокамера штативке бекітілген болса ұсынылады, дегенмен, суретке түсіру жағдайларына және штатив түріне байланысты оны өшіруді жөн көруіңіз мүмкін.
  • Дірілді азайту фотокамера моноподқа бекітілгенде ұсынылады.

Жинақтағы керек-жарақтар

  • LC-55A 55 мм бекітілетін алдыңғы объектив қабы
  • Объективтің артқы қақпағы

Үйлесімді керек-жарақтар

  • 55 мм бұралатын сүзгілер
  • LF-4 объективтің артқы қақпағы
  • CL-0815 объектив қабы
  • HB-N106 байонеттік блендасы

    Бленданы бекіту таңбасын (●) q суретінде көрсетілгендей бленданы орнату таңбасымен () туралаңыз, содан кейін ● таңбасы бленданы құлыптау таңбасымен (—○) тураланғанша бленданы бұраңыз (w).

    Бленданы бекіту немесе алу кезінде негізіндегі таңбаның жанында ұстаңыз және тым қатты ұстамаңыз. Виньеттеу бленда дұрыс жалғанбаған болса орын алуы мүмкін. Пайдаланылмаған кезде бленданы аударып, объективке бекітуге болады.

Техникалық сипаттамалары

Түрі G түріне жататын, кірістірілген микропроцессоры және F бекіткіші бар AF-P DX объективі
Фокустық қашықтық 18 – 55 мм
Максималды апертура f/3.5 – 5.6
Объектив құрылымы 9 топтағы 12 элемент (2 асферикалық линза элементі)
Көрініс бұрышы 76° – 28° 50´
Фокустық қашықтық шкаласы Миллиметрлерге бөлінген (18, 24, 35, 45, 55)
Қашықтық мәліметі Фотокамераға беріледі
Масштабтау Тәуелсіз масштабтау сақинасы арқылы қолмен масштабтау
Фокустау Автофокусты қадамдық мотор басқарады; қолмен реттелетін фокусқа арналған бөлек фокустау сақинасы
Дірілді азайту дыбыссыз ультрадыбысты моторлар (VCM) арқылы объективтің жылжуы
Минималды фокустау қашықтығы барлық масштабтау күйлерінде фокустық жазықтықтан 0,25 м (0 Фокустық жазықтық күйі)
Диафрагма қалақтары 7 (дөңгелек диафрагма тесігі)
Диафрагма Толығымен автоматты
Апертура ауқымы
  • 18 мм фокустық қашықтық: f/3.5 – 22
  • 55 мм фокустық қашықтық: f/5.6 – 38

Көрсетілетін минималды апертура фотокамерамен таңдалған экспозиция қадамының өлшеміне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Өлшеу Толық апертура
Жалғанбалы сүзгі өлшемі 55 мм (P = 0,75 мм)
Өлшемдері Шамамен 64,5 мм максималды диаметр × 62,5 мм (объектив ішке қарай жиналған кездегі фотокамераның объективті бекіту жиектемесінің фланецінен қашықтық)
Салмағы Шамамен 205 г

Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады. Nikon компаниясы осы нұсқаулықта болуы мүмкін қателерден болған шығындарға жауап бермейді.