P, S, A және M режимдері ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұсынады:

Режим Сипаттама
P Бағдарламаланған автоматты режим (0 P режимі (Бағдарламаланған автоматты режим)): лездік суреттер үшін және фотокамера параметрлерін реттеу үшін уақыт аз басқа жағдайларда ұсынылады. Фотокамера оңтайлы экспозиция үшін ысырма жылдамдығы мен апертураны орнатады.
S Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим (0 S режимі (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим)): қозғалысты қатыру немесе бұлдырату үшін пайдаланыңыз. Қолданушы ысырма жылдамдығын таңдайды; фотокамера ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін апертураны таңдайды.
A Апертура басымдығы бар автоматты режим (0 A режимі (Апертура басымдығы бар автоматты режим)): фонды бұлдырату немесе алдыңғы план және фон екеуін де фокустау үшін пайдаланыңыз. Қолданушы апертураны таңдайды; фотокамера ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ысырма жылдамдығын таңдайды.
M Қол режимі (0 M режимі (Қол режимі)): қолданушы ысырма жылдамдығын да, апертураны да басқарады. Ұзақ экспозициялар үшін ысырма жылдамдығын «Bulb» немесе «Time» күйіне орнатыңыз.

P (Бағдарламаланған автоматты режим) режимі

Бұл режим лездік суреттер немесе фотокамераны ысырма жылдамдығына апертураға жауапты етіп қалдыру қажет кезде ұсынылады. Фотокамера ысырма жылдамдығы мен апертураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы экспозицияға қол жеткізу үшін автоматты түрде реттейді.

Режимді таңдау дискі

Бағдарламаланған автоматты режимде суреттер түсіру үшін режимді таңдау дискін P күйіне бұраңыз.

Икемді бағдарлама

P режимінде басқару дискін бұрау арқылы ысырма жылдамдығы мен апертураның әр түрлі тіркесімдерін таңдауға болады («икемді бағдарлама»). Басқару дискін үлкен апертуралар (төмен f сандары) және жоғары ысырма жылдамдықтары үшін оңға, кішкентай апертуралар (жоғары f сандары) және баяу ысырма жылдамдықтары үшін солға бұраңыз. Барлық тіркесімдер бірдей экспозицияны береді.

Артқы фонның кішігірім элементтерін бұлдырату немесе қозғалысты қатыру үшін оңға бұраңыз.

Басқару дискі

Анық түсірілетін кеңістік тереңдігін арттыру немесе қозғалысты бұлдырату үшін солға бұраңыз.

Икемді бағдарлама қосулы кезде көріністапқышта және ақпараттық дисплейде U (R) индикаторы пайда болады. Әдепкі ысырма жылдамдығы мен апертура параметрлерін қалпына келтіру үшін басқару дискін индикатор көрінбей қалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз немесе фотокамераны өшіріңіз.

S (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим) режимі

Бұл режим ысырма жылдамдығын басқаруға мүмкіндік береді: қозғалысты «қатыру» үшін жоғары ысырма жылдамдықтарын, қозғалып жатқан нысандарды бұлдырату арқылы қозғалысты көрсету үшін баяу ысырма жылдамдықтарын таңдаңыз. Фотокамера оңтайлы экспозиция үшін апертураны автоматты түрде реттейді.

Жоғары ысырма жылдамдықтары (мысалы, 1/1600 с) қозғалысты қатырады.

Ысырманың баяу жылдамдықтары (мысалы, 1 с) қозғалысты бұлдыратады.

Ысырма жылдамдығын таңдау үшін:

  1. Режимді таңдау дискін S күйіне бұраңыз.

    Режимді таңдау дискі

  2. Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.

    Қажет ысырма жылдамдығын таңдау үшін басқару дискін бұраңыз: жылдамырақ жылдамдықтар үшін оңға, баяуырақ жылдамдықтар үшін солға бұраңыз.

    Басқару дискі

A (Апертура басымдығы бар автоматты режим) режимі

Бұл режимде анық түсірілетін кеңістік тереңдігін басқару үшін апертураны реттеуге болады (фокустағы негізгі нысанның алдындағы және артындағы қашықтық). Фотокамера оңтайлы экспозиция үшін ысырма жылдамдығын автоматты түрде реттейді.

Үлкен апертуралар (төмен f сандары, мысалы, f/5.6) негізгі нысанның алдындағы және артындағы кішігірім элементтерді бұлдыратады.

Кішкентай апертуралар (жоғары f сандары, мысалы. f/22) алдыңғы фонды және артқы фонды фокустайды.

Апертураны таңдаңыз:

  1. Режимді таңдау дискін A күйіне бұраңыз.

    Режимді таңдау дискі

  2. Апертураны таңдаңыз.

    Басқару дискін үлкенірек апертуралар (төменірек f сандары) үшін солға, кішірек апертуралар (жоғарырақ f сандары) үшін оңға бұраңыз.

    Басқару дискі

M (Қол режимі) режимі

Қол режимінде ысырма жылдамдығы мен апертураны басқарасыз. Қозғалыстағы жарық көздерінің, жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе отшашулардың ұзақ экспозициялары үшін «Bulb» және «Time» ысырма жылдамдықтары қол жетімді (0 Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)).

  1. Режимді таңдау дискін M күйіне бұраңыз.

    Режимді таңдау дискі

  2. Апертураны және ысырма жылдамдығын таңдаңыз.

    Экспозиция индикаторын тексеріп (төменде қараңыз), ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеңіз. Ысырма жылдамдығы басқару дискін бұрау арқылы таңдалады (жылдамырақ жылдамдықтар үшін оңға, баяуырақ жылдамдықтар үшін солға). Апертураны реттеу үшін E (N) түймешігін басып тұрып, басқару дискін бұраңыз (үлкенірек апертуралар/төменірек f сандары үшін солға және кішірек апертуралар/жоғарырақ f сандары үшін оңға).

    Ысырма жылдамдығы

    Басқару дискі

    Апертура

    E (N) түймешігі

    Басқару дискі

Экспозиция индикаторы

Егер E немесе G түріне жататын объектив бекітілсе (0 Үйлесімді кірістірілген микропроцессоры бар объективтер) және «Bulb» немесе «Time» дегендерден басқа ысырма жылдамдығы таңдалса (0 Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)), көріністапқыштағы және ақпараттық дисплейдегі экспозиция индикаторы ағымдағы параметрлерде фотосуреттің жарық көзінде кем немесе артық ұсталатынын көрсетеді.

Оңтайлы экспозиция 1/3 ЭМ мәніне жарық көзінде кем ұсталған 2 ЭМ аса жарық көзінде артық ұсталған

Ұзақ экспозициялар (M режимі ғана)

Қозғалыстағы жарық көздерінің, жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе отшашулардың ұзақ экспозициялары үшін мына ысырма жылдамдықтарын таңдаңыз.

Ысырма жылдамдығы: Қолмен басылу режимі
(35 секундтық экспозиция)

Апертура: f/25

  • Қолмен басылу режимі (A): ысырманы босату түймешігі соңына дейін басылған кезде ысырма ашық қалады. Бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланыңыз.
  • Уақыт (&): экспозицияны ысырманы босату түймешігін пайдаланып бастау. Ысырма түймешікті екінші рет басқанша ашық қалады.

Жалғастырмай тұрып фотокамераны штативке бекітіңіз немесе оны тұрақты, тегіс бетке қойыңыз. Көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуретте көрінуіне немесе экспозицияға кедергі келтіруіне жол бермеу үшін көріністапқышқа көзді жақындатпай суреттер түсіру алдында көріністапқышты қолмен немесе қосымша окуляр қақпағы (0 Көріністапқыш окулярының керек-жарақтары) сияқты басқа заттармен жабу ұсынылады (0 Көріністапқышты жабу). Ысырма ашық кезде қуатты жоғалтуды болдырмау үшін Nikon толығымен зарядталған батареяны немесе қосымша айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын пайдалануды ұсынады. Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (ашық түсті нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің әркелкілігі) болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Қолмен басылу режимі

  1. Режимді таңдау дискін M күйіне бұраңыз.

    Режимді таңдау дискі

  2. Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.

    Bulb (A) ысырма жылдамдығын таңдау үшін экспозиция өлшегіштері қосулы кезде басқару дискін айналдырыңыз.

    Басқару дискі

  3. Фотосурет түсіріңіз.

    Фокустаудан кейін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Экспозиция аяқталғанда ысырманы босату түймешігінен саусақты алыңыз.

Уақыт

  1. Режимді таңдау дискін M күйіне бұраңыз.

    Режимді таңдау дискі

  2. Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.

    Time (&) ысырма жылдамдығын таңдау үшін экспозиция өлшегіштері қосулы кезде басқару дискін солға айналдырыңыз.

    Басқару дискі

  3. Ысырманы ашыңыз.

    Фокустаудан кейін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.

  4. Ысырманы жабыңыз.

    Ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.