Ақауларды жою
Төмендегі қадамдарды орындау арқылы фотокамераның кез келген мәселелерін шеше алуыңыз мүмкін. Дүкенге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласу алдында осы тізімді қараңыз.
1-қадам |
Келесі бөлімдерде тізілген жиі кездесетін мәселелерді тексеріңіз:
|
---|
2-қадам |
Фотокамераны өшіріп, батареяны алыңыз. Шамамен бір минут күтуден кейін батареяны қайта салыңыз және фотокамераны қосыңыз. Суретке түсіруді жаңа ғана аяқтасаңыз, батареяны алу алдында кемінде бір минут бойы күтіңіз, өйткені фотокамера жад картасына деректерді әлі жазып жатқан болуы мүмкін. |
---|
3-қадам |
Nikon веб-сайттарында іздеңіз. Қолдау ақпартаын және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды алу үшін еліңізге немесе аймағыңызға арналған веб-сайтқа кіріңіз. Фотокамераға соңғы бағдарлама жасақтамасын жүктеп алу үшін мына сайтқа кіріңіз: |
---|
4-қадам |
Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. |
---|
Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
Ағымдағы параметрлерге байланысты кейбір мәзір элементтері және басқа мүмкіндіктер қолжетімсіз болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сұр түске боялған мәзір элементтеріне немесе басқалай қолжетімсіз мүмкіндіктерге қатынасу үшін баптау мәзіріндегі Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) элементін пайдаланып әдепкі параметрлерді қалпына келтіріп көріңіз (0 Reset All Settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру)). Дегенмен, сымсыз желі профильдері, авторлық құқық туралы ақпарат және басқа пайдаланушы жасаған жазбалар да қалпына келтірілетінін ескеріңіз.