Фотосуреттер түсірілген кезде басылып шығатын күн туралы мәліметті таңдаңыз. Бар фотосуреттерге күн белгілерін қосу немесе оларды жою мүмкін емес.
Параметр | Сипаттама | ||
---|---|---|---|
Off (Өшірулі) | Уақыт пен күн фотосуреттерде көрсетілмейді. | ||
a | Date (Күн) | Бұл параметр қосулы кезде күн немесе күн мен уақыт түсірілген фотосуреттерге басылады. | |
b | Date and time (Күн және уақыт) | ||
c | Date counter (Күн есептегіші) | Жаңа фотосуреттер түсірілген сурет күні мен белгілі бір күн арасындағы күндер санын көрсететін уақыт белгісімен басылады (0 Date Counter (Күн есептегіші)). |
Off (Өшірулі) параметрінен басқа параметрлерде таңдалған параметр ақпараттық дисплейде d белгішесімен көрсетіледі.
Күн белгісі
Күн Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) үшін таңдалған ретпен жазылады (0 Time Zone and Date (Уақыт белдеуі және күн)). Кескіндерді өңдегенде, жасалған көшірмелерде басылған деректерді кесіп алып тастауға немесе оқылмайтын етуге болады (0 N Өңдеу мәзірі: өңделген көшірмелерді жасау). Күн NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG пішіміндегі кескіндерде көрсетілмейді.
Күн есептегіші
Осы параметр қосулы кезде түсірілген суреттер болашақ күнге дейін қалған күндер санымен немесе өткен күннен бергі күндер санымен басылады. Оны баланың өсуін бақылау немесе туған күніне немесе үйлену тойына дейінгі күндер санына кері санақ жүргізу үшін пайдаланыңыз.
Фотокамера күндерді сақтау үшін үш ұяшықты ұсынады.
-
Бірінші күнді енгізіңіз.
Date counter (Күн есептегіші) тармағын бірінші рет таңдағанда, сізге бірінші ұяшық үшін күнді енгізу ұсынылады. Мульти селекторды пайдаланып күнді енгізіңіз және күндер тізіміне шығу үшін J түймешігін басыңыз.
-
Қосымша күндерді енгізіңіз немесе бар күндерді өңдеңіз.
Күнді өзгерту немесе қосымша күндерді енгізу үшін ұяшықты белгілеңіз, 2 түймешігін басыңыз және күнді жоғарыда сипатталғандай енгізіңіз.
-
Күнді таңдаңыз.
Күндет тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.
-
Күн есептегішінің пішімін таңдаңыз.
Display options (Көрсету параметрлері) тармағын белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз, содан кейін күн пішімін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз.
-
Күн есептегіші мәзірінен шығыңыз.
Күн есептегіші мәзірінен шығу үшін J түймешігін басыңыз.