D-Lighting режимі көлеңкелерді жарықтандырады. Бұл оны күңгірт немесе артқы жағы жанып тұрған фотосуреттер үшін тамаша етеді.

Дейін

D-Lighting
(U Portrait (Портрет) өшірілген)

D-Lighting
(M Portrait (Портрет) қосылған)

Орындалған түзету мөлшерін таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз; әсерді өңдеу дисплейінде алдын ала қарауға болады. Фотосуретті көшіру үшін J түймешігін басыңыз.

«Portrait (Портрет)»

Бұл параметрді қосу немесе өшіру үшін Portrait (Портрет) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Portrait (Портрет) қосулы кезде фотокамера D-Lighting функциясын тек адам портреттік нысандарына қолданып, үшке дейін осындай нысанды жарықтандырады, ал фонды тиюсіз қалдырып, шағылыстырғышпен жететінге ұқсас әсерді береді.

Портрет нысандары

Фотокамера портреттік D-Lighting үшін үшке дейін нысанды автоматты түрде таңдайды (ойнату мәзірінде Auto image rotation (Кескінді автоматты бұру) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалып түсірілген фотосуреттерге портреттік D-Lighting қолдану мүмкін емес екенін ескеріңіз; 0 Auto Image Rotation (Кескінді автоматты бұру)). Кадр жиектемесіне және нысандардың қалпына байланысты қажет нәтижелер алынбауы мүмкін; егер көңіліңізден шықпаса, Portrait (Портрет) құсбелгісін алыңыз.