Кірістірілген жарқылға арналған жарқыл режимін P, S, A және M режимдерінің арасынан таңдаңыз. SB-500, SB-400 немесе SB-300 қосымша жарқыл бөлігін жалғағанда және қосқанда бұл параметр Optional flash (Қосымша жарқыл) болып өзгереді және қосымша жарқыл бөлігі үшін жарқыл режимін таңдау үшін пайдаланылады (0 Үйлесімді жарқыл бөліктері).
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
1 | TTL | Жарқылдың жарық қуаты суретке түсіру жағдайларына қарай өздігінен өзгереді. |
2 | Manual (Қол режимі) | Жарқыл деңгейін таңдаңыз. Қуаты толық кезде кірістірілген жарқылдың шамамен 8 жарқылдың жетекші саны болады (м, ISO 100, 20 °C). |
Қол режимі
Manual (Қол режимі) таңдалған және жарқыл көтерілген кезде көріністапқышта Y белгішесі және ақпараттық дисплейде 0 белгішесі пайда болады.
TTL жарқылды басқару тетігі
E немесе G түріне жататын объектив кірістірілген жарқыл (0 Кірістірілген жарқылды пайдалану) немесе қосымша жарқыл бөліктерімен (0 Үйлесімді жарқыл бөліктері) бірге қолданылған кезде жарқылды басқарудың келесі түрлеріне қолдау көрсетіледі.
- Сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл: 420-нүктелі RGB сенсордан алынған ақпарат негізгі нысан мен фон арасында табиғи балансты алу үшін жарқыл шығысын реттеу үшін пайдаланылады.
- Сандық айналы фотокамераға арналған стандартты i-TTL толықтырғыш жарқыл: жарқыл шығысы негізгі нысан үшін реттеледі; фонның жарықтығы ескерілмейді.
Стандартты i-TTL жарқылды басқару нүктелі экспоөлшегішпен бірге немесе қосымша жарқыл бөлігі арқылы таңдағанда пайдаланылады. Сандық айналы фотокамераға арналған i-TTL балансталған толықтырғыш жарқыл барлық басқа жағдайларда пайдаланылады.