NEF (RAW) пішіміндегі фотосуреттердің JPEG пішіміндегі көшірмелерін жасаңыз.
-
NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін белгілеп, осы фотокамера көмегімен жасалған NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің ғана тізімін көрсететін суретті таңдауға мүмкіндік беретін тілқатысу терезесін көрсету үшін 2 түймешігін басыңыз.
-
Фотосуретті таңдаңыз.
Фотосуретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз (белгіленген фотосуретті толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Белгіленген фотосуретті таңдау және келесі қадамға өту үшін J түймешігін басыңыз.
-
JPEG көшірмесінің параметрлерін таңдаңыз.
Төменде тізілген параметрлерді реттеңіз. Кескін үстіне қабаттау көмегімен жасалған суреттер үшін ақ түс балансын және виньеттеуді басқару қол жетімді емес екенін (0 Image Overlay (Кескін үстіне қабаттау)) және экспозиция түзетілімінің әсерлері фотосурет түсірілгенде күтілгендегілерден басқаша болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
1 Image quality (Кескін сапасы) 2 Кескін өлшемі 3 White balance (Ақ түс балансы) 4 Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі) 5 Picture Control 6 Жоғары ISO БА 7 Түс кеңістігі 8 Виньеттеуді басқару 9 D-Lighting -
Фотосуретті көшіріңіз.
Таңдалған фотосуреттің JPEG көшірмесін жасау үшін EXE пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Фотосуретті көшірместен шығу үшін G түймешігін басыңыз.