Бұрмалануды (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің әркелкілігі) азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз. Бұрмалануды азайту барлық ISO сезімталдықтарында қолданылады, бірақ жоғарырақ мәндерге ең көп байқалады. Шамамен 1 с-тан баяуырақ ысырма жылдамдықтарында өңдеу үшін қажет уақыт шамамен алғанда екі есе көбееді; өңдеу кезінде көріністапқышта «l m» жыпылықтайды және фотосуреттерді түсіру мүмкін болмайды. Фотокамера өңдеу аяқталмай тұрып өшірілсе, бұрмалануды азайту орындалмайды.
Егер Off (Өшірулі) күйі таңдалса, бұрмалануды азайту тек қажет кезде орындалады; бұрмалануды азайтудың мөлшері On (Қосулы) күйі таңдалған кезде орындалатыннан азырақ.