«Виньеттеу» — фотосурет жиектеріндегі жарықтықтың төмендеуі. Vignette control (Виньеттеуді басқару) параметрі E және G түрлеріне жататын объективтер үшін виньеттеуді азайтады (0 Кірістірілген микропроцессоры бар және G, E және D түрлеріне жататын объективтерді анықтау). Оның әсерлері әр объективте әр түрлі болады және максималды апертурада ең көп байқалады. High (Жоғары), Normal (Қалыпты), Low (Төмен) және Off (Өшірулі) арасынан таңдаңыз.

Виньеттеуді басқару

Көрініске, суретке түсіру жағдайларына және объектив түріне байланысты JPEG пішіміндегі кескіндерде бұрмалану (түстердің әркелкілігі) немесе шеткі жарықтықта ауытқулар көрінуі мүмкін, ал әдепкі параметрлерден өзгертілген алдын-ала орнатылған Picture Control режимдері қажет әсер бере алмауы мүмкін. Сынақ түсірілімдер жасап, нәтижелерді мониторда көріңіз. Виньеттеуді басқару FX пішімін қолдайтын объективтермен түсірілген бейнефильмдерге (0 Бейнефильмдерді жазу және көру) немесе суреттерге қолданылмайды.