Кең бұрышты объективтер арқылы суретке түсіргенде бөшке іспеттес бұрмалануды азайту және ұзын объективтер арқылы суретке түсіргенде жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (көріністапқышта көрініп тұратын аумақ шеттерінің түпкілікті фотосуретте кесілген күйде болуы және жазудан бұрын фотосуреттерді өңдеуге қажет уақыт артуы мүмкін екенін ескеріңіз). Бұл параметр бейнефильмдерге қолданылмайды және E және G түріне жататын объективтерде ғана қол жетімді (балық көзі түріндегі объектив және кейбір қосылмаған басқа объективтер); басқа объективтерді пайдаланған кезде нәтиженің жақсы болатынына кепілдік берілмейді.
Өңдеу: бұрмалануды басқару
Бар фотосуреттердің бөшке іспеттес және жастық іспетті бұрмалану азайтылған көшірмелерін жасау туралы ақпаратты «Бұрмалануды басқару» (0 Бұрмалануды басқару) бөлімінде қараңыз.