Сыртқы бұрмалануы азайтылған көшірмелерді жасаңыз. Фотокамераға бұрмалануды автоматты түрде түзетуге рұқсат ету үшін Auto (Авто) параметрін таңдаңыз және мульти селектор арқылы дәл реттеулерді жасаңыз немесе бұрмалануды қолмен азайту үшін Manual (Қол режимі) параметрін таңдаңыз (бұрмалануды автоматты басқару арқылы түсірілген фотосуреттерде Auto (Авто) параметрі қол жетімді болмайтынын ескеріңіз; «Бұрмалануды автоматты басқару» 0 Auto Distortion Control (Бұрмалануды автоматты басқару) бөлімін қараңыз).
Бөшке іспеттес бұрмалануды азайту үшін 2 түймешігін, жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін 4 түймешігін басыңыз (бұрмалануды басқарудың үлкен мөлшерлері бірнеше шеттердің кесілуіне әкелетінін ескеріңіз). Өңделген көшірмені сақтау үшін J түймешігін басыңыз.
Авто
Auto (Авто) тек E және G түріне жататын объективтермен түсірілген суреттерде пайдалануға арналған (балық көзі түріндегі объектив және кейбір қосылмаған объективтер); басқа объективтерде нәтижелерге кепілдік берілмейді.