Release locked (Босату мүмкіндігі құлыптаулы) параметрі таңдалған болса, ысырманы босату түймешігі фотокамераға жад картасы салынған кезде ғана іске қосылады. Enable release (Босату мүмкіндігін қосу) параметрін таңдау ысырманы жад картасы салынбаған кезде босатуға мүмкіндік береді, дегенмен ешбір суреттер жазылмайды (алайда, олар мониторда демо режимде көрініп тұрады).