Фотосурет түсірілген кезде, фотокамера файл атын соңғы файл нөміріне бір санын қосу арқылы жасайды. Бұл параметр жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде файлдарды нөмірлеу соңғы пайдаланылған саннан бастап жалғасатынын басқарады.

Параметр Сипаттама
On (Қосулы) Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде, файлдарды нөмірлеу соңғы пайдаланылған нөмірден немесе ағымдағы қалтадағы ең үлкен файл нөмірінен (қайсысы үлкенірек болса) жалғасады. Егер фотосурет ағымдағы қалтада 9999 нөмірлі фотосурет бар кезде түсірілсе, автоматты түрде жаңа қалта жасалады және файлдарды нөмірлеу қайтадан 0001-ден басталады.
Off (Өшірулі) Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде, файл нөмірі 0001-ге тең бастапқы қалпына келеді. Сурет ағымдағы қалтада 999 сурет бар кезде түсірілсе, жаңа қалтаның өздігінен жасалатынын ескеріңіз.
Reset (Қалпына келтіру) On (Қосулы) күйімен бірдей, тек келесі түсірілген фотосуретке ағымдағы қалтадағы ең үлкен файл нөміріне бір санын қосу арқылы файл нөмірі тағайындалады. Қалта бос болса, файлдарды нөмірлеу 0001-ге қалпына келтіріледі.

Файлдарды нөмірлеу реттілігі

Ағымдағы қалта нөмірі 999 болса және 999 фотосуретті немесе 9999 нөмірлі фотосуретті қамтыса, ысырманы босату түймешігі ажыратылады және қосымша фотосуреттер түсірілмейді. File number sequence (Файлдарды нөмірлеу реттілігі) үшін Reset (Қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз да, ағымдағы жад картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз.



B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Reset setup options (Баптау параметрлерін қалпына келтіру) Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Date stamp (Күн белгісі) Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) Language (Тіл) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Info display format (Ақпаратты көрсету пішімі) Auto info display (Ақпаратты автоматты түрде көрсету) Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) Image comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep (Дыбыстық сигнал) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Buttons (Түймешіктер) Rangefinder (Қашықтықты өлшегіш) Manual focus ring in AF mode (АФ режимінде қолмен фокустау сақинасы) File number sequence (Файлдарды нөмірлеу реттілігі) Storage folder (Сақтау қалтасы) File naming (Файл атаулары) HDMI Location data (Орын деректері) Airplane mode (Ұшақ режимі) Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Send to smart device (auto) (Смарт құрылғыға жіберу (авто)) Bluetooth Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) Conformity marking (Сәйкестік белгілері) Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)