On (Қосулы) күйі таңдалса, жаңа фотосуреттер смарт құрылғыға автоматты түрде кері жүктеледі (фотокамера қазіргі уақытта смарт құрылғыға қосылмаған болса, фотосуреттер кері жүктеу үшін белгіленеді және сымсыз байланыс келесі орнатылғанда кері жүктеледі). Бейнефильмдер кері жүктелмейді.
Кері жүктеу белгілері
Бір уақытта кері жүктеу үшін тек 1000-ға дейін фотосуретті белгілеуге болады.
Кері жүктеу үшін белгіленген фотосуреттердің бағасын өзгерту алдында Bluetooth > Network connection (Желілік байланыс) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз немесе Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Enable (Қосу) күйін таңдау арқылы сымсыз желіні өшіріңіз.