Бұл параметр фотокамераға Eye-Fi жад картасы (үшінші тарап жеткізушілерден бөлек алынады) салынған болса ғана көрсетіледі. Фотосуреттерді алдын-ала таңдалған орынға кері жүктеу үшін Enable (Қосу) параметрін таңдаңыз. Сигнал күші жеткіліксіз болса, суреттер кері жүктелмейтінін ескеріңіз. Суреттерді Eye-Fi арқылы кері жүктеу алдында Airplane mode (Ұшақ режимі) (0 Airplane Mode (Ұшақ режимі)) және Bluetooth > Network connection (Желілік байланыс) (0 Bluetooth) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.

Сымсыз құрылғыларға қатысты барлық жергілікті заңдарды сақтаңыз және сымсыз құрылғыларды пайдалану тыйым салынған жерлерде Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.

Eye-Fi карталары

Disable (Өшіру) күйі таңдалған кезде Eye-Fi карталары сымсыз сигналдар шығаруы мүмкін.
Disable (Өшіру) күйі таңдалғанда көрсетілетін g белгішесі фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайтынын көрсетеді (0 Қате туралы хабарлар); фотокамераны өшіріп, картаны алыңыз.

Eye-Fi картасын пайдаланғанда баптау мәзіріндегі Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) > Standby timer (Күту режимінің таймері) үшін ұзағырақ мәндерді таңдаңыз.

Eye-Fi картасымен бірге қамтамасыз етілген нұсқаулықты қараңыз және кез келген сұрауларды өндірушіге жіберіңіз. Фотокамераны Eye-Fi карталарын қосу және өшіру үшін пайдалануға болады, бірақ ол басқа Eye-Fi функцияларына қолдау көрсетпеуі мүмкін.

Ұшақ режимі (0 Airplane Mode (Ұшақ режимі))

Ұшақ режимін қосу Eye-Fi картасына жүктеуді өшіреді. Eye-Fi картасына жүктеуді жалғастыру үшін Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) үшін Enable (Қосу) күйін таңдау алдында Airplane mode (Ұшақ режимі) үшін Disable (Өшіру) күйін таңдаңыз.

Eye-Fi картасы салынған кезде оның күйі ақпараттық дисплейдегі белгіше арқылы көрсетіледі:

  • d: Eye-Fi картасына жүктеу өшірілген.
  • e: Eye-Fi картасына жүктеу қосылған, бірақ жүктеуге болатын суреттер жоқ.
  • f (статикалық): Eye-Fi картасына жүктеу қосылған; жүктеудің басталуы күтілуде.
  • f (анимациялық): Eye-Fi картасына жүктеу қосылған; деректер жүктеп салынуда.
  • g: Қате — фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайды. Көріністапқышта жыпылықтау ( пайда болса, Eye-Fi картасының бағдарлама жасақтамасы жаңартылғанын тексеріңіз; егер картаның бағдарлама жасақтамасын жаңартудан кейін қате жалғасса, басқа картаны салыңыз немесе ішіндегі барлық суреттерді компьютерге немесе басқа сақтау құрылғысына көшіруден кейін картаны фотокамерада пішімдеңіз. ( индикаторы жыпылықтап тұрмаса, суреттерді әдеттегідей түсіруге болады, бірақ Eye-Fi параметрлерін өзгерте алмауыңыз мүмкін.

Қолдау көрсетілетін Eye-Fi карталары

Кейбір елдерде немесе аймақтарда кейбір карталар қол жетімді болмауы мүмкін; қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз. Eye-Fi карталары тек сатып алған елде пайдалануға арналған. Eye-Fi картасының бағдарлама жасақтамасы соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізіңіз.



B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Reset setup options (Баптау параметрлерін қалпына келтіру) Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Date stamp (Күн белгісі) Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) Language (Тіл) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Info display format (Ақпаратты көрсету пішімі) Auto info display (Ақпаратты автоматты түрде көрсету) Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) Image comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep (Дыбыстық сигнал) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Buttons (Түймешіктер) Rangefinder (Қашықтықты өлшегіш) Manual focus ring in AF mode (АФ режимінде қолмен фокустау сақинасы) File number sequence (Файлдарды нөмірлеу реттілігі) Storage folder (Сақтау қалтасы) File naming (Файл атаулары) HDMI Location data (Орын деректері) Airplane mode (Ұшақ режимі) Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Send to smart device (auto) (Смарт құрылғыға жіберу (авто)) Bluetooth Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) Conformity marking (Сәйкестік белгілері) Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)