Capture NX-D (қосымша ақпарат алу үшін Capture NX-D онлайн анықтамасын қараңыз) ішіндегі кескіндегі тозаң іздерін кетіру параметрінің анықтамалық деректерін алыңыз.
Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) фотокамераға E немесе G түріне жататын объектив бекітілген кезде ғана қол жетімді болады. Фокустық қашықтығы кемінде 50 мм объективті пайдаланған жөн. Масштабтау объективін пайдаланған кезде соңына дейін ұлғайтыңыз.
-
Start (Бастау) пәрменін таңдаңыз.
Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Кескіндегі тозаң іздерін кетіру деректерін алусыз шығу үшін G түймешігін басыңыз.
Хабар көрсетіледі және көріністапқышта «rEF» көрінеді.
-
Біркелкі ақ түсті нысанды көріністапқыштағы жақтау ішіне алыңыз.
Объективті жарығы жақсы, біркелкі ақ түсті нысаннан 10 сантиметрдей қашықтықта орналастырып, көріністапқыштағы жақтау ішіне тек нысанның өзін алыңыз, содан кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Автофокус режимінде, фокустау шексіздікке өздігінен орнатылады; қолмен фокустау режимінде, фокусты шексіздікке қолмен орнатыңыз.
-
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алыңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге қажетті эталонды деректерді алу үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Монитор ысырманы босату түймешігін басқан кезде өшеді.
Егер анықтамалық нысан тым жарық немесе тым күңгірт болса, фотокамера кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін ала алмауы мүмкін және хабар көрсетіледі. Басқа анықтамалық нысанды таңдаңыз және процесті 1-қадамнан қайталаңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері
Әртүрлі объективтермен немесе әртүрлі апертураларда түсірілген фотосуреттер үшін бірдей анықтамалық деректерді пайдалануға болады. Анықтамалық кескіндерді компьютерлік кескіндерді өңдеу бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көру мүмкін емес. Анықтамалық кескіндерді фотокамерада көргенде кезде координаттық тор пайда болады.