Жаңа фотосуреттер түсірілген кезде оларға аңғартпа қосып отырыңыз. Аңғартпаларды ViewNX-i немесе Capture NX-D бағдарламасында метадеректер ретінде көруге болады. Сондай-ақ, аңғартпа фотосурет туралы мәлімет дисплейіндегі түсірілген сурет деректері бетінде көрінеді (0 Image comment (Кескін туралы аңғартпа)). Мына параметрлер қол жетімді:

Input comment (Аңғартпа енгізу): аңғартпаны төменде сипатталғандай енгізіңіз. Аңғартпалар ең көбі 36 таңбадан тұра алады.

Attach comment (Аңғартпа қосу): аңғартпаны барлық кейінгі фотосуреттерге тіркеу үшін осы параметрді таңдаңыз. Attach comment (Аңғартпаны тіркеу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басып қосуға және өшіруге болады. Қажет параметрді таңдағаннан кейін шығу үшін J түймешігін басыңыз.

Мәтінді енгізу

Мәтінді енгізу керек кезде пернетақта көрсетіледі. Мульти селекторды пайдаланып пернетақта аумағында қажет таңбаны белгілеп, белгіленген таңбаны ағымдағы жүгіргі орнында кірістіру үшін J түймешігін басыңыз (өріс толы кезде таңба енгізілсе, өрістегі соңғы таңба жойылатынын ескеріңіз). Жүгіргі астындағы таңбаны өшіру үшін O түймешігін басыңыз. Жүгіргіні жаңа орынға жылжыту үшін басқару дискін бұраңыз. Енгізуді аяқтау және алдыңғы мәзірге оралу үшін X түймешігін басыңыз. Мәтінді енгізуді аяқтамастан шығу үшін G түймешігін басыңыз..

Мәтінді көрсету аумағы

Пернетақта аумағы



B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Reset setup options (Баптау параметрлерін қалпына келтіру) Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Date stamp (Күн белгісі) Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) Language (Тіл) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Info display format (Ақпаратты көрсету пішімі) Auto info display (Ақпаратты автоматты түрде көрсету) Auto off timers (Автоматты өшу таймерлері) Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) Image comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep (Дыбыстық сигнал) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Buttons (Түймешіктер) Rangefinder (Қашықтықты өлшегіш) Manual focus ring in AF mode (АФ режимінде қолмен фокустау сақинасы) File number sequence (Файлдарды нөмірлеу реттілігі) Storage folder (Сақтау қалтасы) File naming (Файл атаулары) HDMI Location data (Орын деректері) Airplane mode (Ұшақ режимі) Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Send to smart device (auto) (Смарт құрылғыға жіберу (авто)) Bluetooth Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) Conformity marking (Сәйкестік белгілері) Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)