Түсті қарындаштармен жасалған сызбаға ұқсайтын фотосурет көшірмесін жасаңыз. Vividness (Жандылық) немесе Outlines (Контурлар) параметрін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және өзгерту үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Түстерді бұрынғыдан қанығырақ ету үшін жандылықты арттыруға немесе ағартылған, монохромды әсер жасау үшін азайтуға болады, ал контурларын қалыңдау немесе жіңішкелеу етуге болады. Қалыңдау жиектер түстерді қанығырақ етеді. Өңделген көшірмені сақтау үшін J түймешігін басыңыз.