Өңделген көшірмелерді бастапқы фотосуреттермен салыстырыңыз. Бұл параметр көшірме немесе түпнұсқа толық өлшемде қаралғанда, P түймешігін басып өңдеу мәзірі көрсетілсе және Retouch (Өңдеу) пәрмені таңдалса ғана қол жетімді болады.

  1. Суретті таңдаңыз.

    Өңделген көшірмені (Z белгішесімен көрсетіледі) немесе толық өлшемде қарау режимінде өңделген фотосуретті таңдаңыз. P түймешігін басыңыз, содан кейін Retouch (Өңдеу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

    P түймешігі

  2. Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін таңдаңыз.

    Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  3. Көшірмені бастапқы суретпен салыстырыңыз.

    Бастапқы кескін сол жақта, өңделген көшірме оң жақта, ал көшірме жасау үшін пайдаланылған параметрлер дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі. Бастапқы кескін және өңделген көшірме арасында ауысу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Егер көшірме Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) арқылы екі кескіннен жасалған болса, басқа бастапқы кескінді қарау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Егер ағымдағы бастапқы кескін үшін бірнеше көшірме болса, басқа көшірмелерді көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Қараудан шығу үшін K түймешігін басыңыз немесе белгіленген кескін таңдалған қараудан шығу үшін J түймешігін басыңыз.

    Көшірме жасау үшін пайдаланылатын параметрлер

    Бастапқы кескін

    Өңделген көшірме

Қатар қойып салыстыру

Егер көшірме жасалғаннан бері өшірілген немесе қорғалған фотосуреттен жасалған болса, бастапқы кескін көрсетілмейді (0 Фотосуреттерді өшірілуден қорғау).