Таңдалған фотосуреттің кесілген көшірмесін жасайды. Таңдалған фотосурет кесінді сары түспен боялған түрде көрсетіледі; кесілген көшірмені келесі кестеде сипатталғандай жасаңыз.
Мақсат | Сипаттама |
---|---|
Кесіндінің өлшемін азайту | Кесіндінің өлшемін азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз. |
Кесінді өлшемін арттыру | Кесіндінің өлшемін арттыру үшін X түймешігін басыңыз. |
Кесіндінің арақатынасын өзгерту | Арақатынасты таңдау үшін басқару дискін бұраңыз. |
Кесіндіні жылжыту | Кесіндіні орналастыру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Кесіндіні қажет орынға жылдам жылжыту үшін басып тұрыңыз. |
Көшірме жасау | Ағымдағы кесіндіні бөлек файл ретінде сақтау үшін J түймешігін басыңыз. |
Кескін өлшемі
Көшірме өлшемі (кесу өлшеміне және арақатынасына қарай әр түрлі болады) кесу дисплейінде жоғарғы сол жағында пайда болады.
Кесілген көшірмелерді көру
Кесілген көшірмелер көрсетілген кезде ойнатуды масштабтау қол жетімді болмауы мүмкін.
Сондай-ақ, қараңыз
Ойнатуды масштабтау кезінде суреттерді кесу туралы ақпаратты «Фотосуреттерді кесу» (0 Фотосуреттерді кесу) бөлімінде қараңыз.