Түсте тек таңдалған реңктер көрсетілетін көшірме жасаңыз.
-
Selective color (Таңдамалы түс) параметрін таңдаңыз.
Өңдеу мәзірінде Selective color (Таңдамалы түс) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Фотосуретті таңдаңыз.
Фотосуретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және J түймешігін басыңыз (белгіленген фотосуретті толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз).
-
Түсті таңдаңыз.
Меңзерді нысан үстіне орналастыру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және соңғы көшірмесінде қалатын нысан түсін таңдау үшін A (L) түймешігін басыңыз (фотокамера қанықпаған түстерді анықтауда қиналуы мүмкін; қаныққан түсті таңдаңыз). Түсті дәл таңдау үшін суретті ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Кішірейту үшін W (Q) түймешігін басыңыз.
-
Түс ауқымын белгілеңіз.
Таңдалған түс үшін түс ауқымын белгілеу үшін басқару дискін бұраңыз.
-
Түс ауқымын таңдаңыз.
Түпкілікті фотосуретте болатын ұқсас реңктер ауқымын кеңейту немесе кішірейту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. 1 және 7 аралығындағы мәндерден таңдаңыз; жоғары мәндерде басқа түстерден реңктер болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Қосымша түстерді таңдаңыз.
Қосымша түстерді таңдау үшін, дисплейдің үстіндегі үш түс жолағының біреуін белгілеу үшін басқару дискін бұраңыз және басқа түсті таңдау үшін 3–5 қадамдарын қайталаңыз. Қажет болса, үшінші түс үшін қайталаңыз. Белгіленген түстен таңдауды алу үшін O түймешігін басыңыз (барлық түстерді жою үшін O түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Растау диалогтық терезесі көрсетіледі; Yes (Иә) жауабын таңдаңыз).
-
Өңделген көшірмені сақтаңыз.
Фотосуретті көшіру үшін J түймешігін басыңыз.