Батареяны зарядтау
Батареяны салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз (елге немесе аймаққа байланысты зарядтау құрылғысында айнымалы ток қабырға адаптері немесе қуат кабелі болады). Таусылған батарея шамамен екі сағат, 35 минуттан кейін толығымен зарядталады.
-
Айнымалы ток қабырға адаптері: айнымалы ток қабырға адаптерін зарядтау құрылғысының айнымалы ток сымының кіріс ұяшығына кіргізіңіз (). Айнымалы ток қабырға адаптерінің ілмегін көрсетілгендей сырғытыңыз () және орнында бекіту үшін адаптерді 90 ° бұрыңыз (). Батареяны салып, зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз.
-
Қуат кабелі: қуат кабелінің ашасын көрсетілген бағытта қосудан кейін батареяны салып, кабельді розеткаға қосыңыз.
Батарея зарядталып жатқанда CHARGE (ЗАРЯДТАУ) шамы жыпылықтайды.
Батарея және зарядтау құрылғысы
«Қауіпсіздік шаралары» (0 Қауіпсіздік шаралары) және «Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары» (0 Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары) бөлімдеріндегі ескертулер мен сақтық шараларын оқып, орындаңыз.