Ақ түс балансының параметрлері
Ақ түс балансы түстерге жарық көзі түсінің әсер етпеуін қамтамасыз етеді. Ақ түс балансын автоматты түрде реттеу параметрін жарық көздерінің көпшілігінде пайдалану ұсынылады. Егер ақ түс балансын автоматты түрде реттеу параметрін қолданғанда қалаулы нәтиже шықпаса, төмендегі тізімнен параметрді таңдаңыз немесе ақ түс балансының алдын-ала орнатылған мәнін пайдаланыңыз.
Параметр (Түс температурасы *) | Сипаттама | |
---|---|---|
vAuto (Автоматты) | Ақ түс балансы жарық көздерінің көпшілігінде оңтайлы нәтижелер алу үшін автоматты түрде реттеледі. Ең жақсы нәтижелер алу үшін G, E немесе D түріне жататын объективті пайдаланыңыз. Қосымша жарқыл жанғанда нәтижелер тиісті түрде реттеледі. Түс температурасын суретке түсіруден кейін ойнату туралы ақпарат дисплейінде көруге болады (0 Фотосурет туралы мәлімет). | |
Keep white (reduce warm colors) (Ақ түсті сақтау (жылы түстерді азайту)); 3500–8000 K) | ||
Normal (Қалыпты) (3500–8000 K) | ||
Keep warm lighting colors (Жылы жарық түстерін сақтау) (3500–8000 K) | ||
DNatural light auto (Автоматты табиғи жарық) (4500–8000 K) | Ақ түс балансы табиғи жарық үшін реттеліп, көзілдірік кимеген көзбен көретіндерге жақынырақ түстерді жасайды. | |
JIncandescent (Қызу бөлетін шам) (3000 K) | Қызу бөлетін шам жарығының астында пайдаланыңыз. | |
IFluorescent (Флюоресцентті) | Келесімен пайдалану: | |
Sodium-vapor lamps (Натрий газ разрядты шамдары) (2700 K) | Натрий газ разрядты жарықтандыру (спорттық шаралар өтетін жерлерде кездеседі). | |
Warm-white fluorescent (Жылы ақ флюоресцентті) (3000 K) | Жылы ақ флюоресцентті шамдар. | |
White fluorescent (Ақ флюоресцентті) (3700 K) | Ақ флюоресцентті шамдар. | |
Cool-white fluorescent (Суық ақ флюоресцентті) (4200 K) | Суық ақ флюоресцентті шамдар. | |
Day white fluorescent (Күндізгі ақ флюоресцентті) (5000 K) | Күндізгі, ақ флюоресцентті шамдар. | |
Daylight fluorescent (Күндізгі флюоресцентті) (6500 K) | Күндізгі флюоресцентті шамдар. | |
High temp. mercury-vapor (Жоғары температуралы сынап газ разрядты шамы) (7200 K) | Жоғары түс температурасының жарық көздері (мысалы, сынап газ разрядты шамдары). | |
HDirect sunlight (Тік күн сәулелері) (5200 K) | Тік күн сәулелері жарықтандырған нысандарда пайдаланыңыз. | |
NFlash (Жарқыл) (5400 K) | Қосымша жарқыл бөліктерінде пайдаланыңыз. | |
GCloudy (Бұлтты) (6000 K) | Күндізгі жарықта бұлтты күн райында пайдаланыңыз. | |
MShade (Көлеңке) (8000 K) | Көлеңкедегі нысандар үшін күндіз пайдаланыңыз. | |
KChoose color temp. (Түс температурасын таңдау) (2500–10 000 K) | Мәндер тізімінен түс температурасын таңдаңыз (0 Түс температурасын таңдау). | |
LPreset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мəн) | Нысанды, жарық көзін немесе бар фотосуретті ақ түс балансына (0 Алдын-ала қолмен енгізілген мән) сілтеме ретінде пайдаланыңыз. |
Мәндердің барлығы шамамен берілген және дәл реттеуді (тиісті болса) білдірмейді.
Ақ түс балансын U түймешігін басып және қажет параметр басқару панелінде көрсетілгенше басты басқару дискін бұрау арқылы орнатуға болады.
v (Auto (Автоматты)) немесе I (Fluorescent (Флюоресцентті)) режимі таңдалған болса, U түймешігін басу және қосымша басқару дискін айналдыру арқылы ішкі параметрді таңдауға болады.
Суретке түсіру мәзірлері
Ақ түс балансын фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі White balance (Ақ түс балансы) параметрін пайдаланып реттеуге де болады (0 White balance (Ақ түс балансы), White balance (Ақ түс балансы)), сондай-ақ, бұл параметрді ақ түс балансын (0 Ақ түс балансын дәл реттеңіз.) дәл реттеу немесе ақ түс балансының алдын-ала орнатылған мәндерін басқару үшін пайдалануға болады (0 Алдын-ала қолмен енгізілген мән).
v («Автоматты»)
v (Auto (Автоматты)) режимі v0 (Keep white (reduce warm colors) (Ақ түсті сақтау (жылы түстерді азайту))), v1 (Normal (Қалыпты)) және v2 (Keep warm lighting colors (Жылы жарық түстерін сақтау)) арасынан таңдауды ұсынады. v0 (Keep white (reduce warm colors) (Ақ түсті сақтау (жылы түстерді азайту)) қызу бөлетін шам жарығында жазылған ақ түстерді ақ етіп көрсетеді, ал v2 (Keep warm lighting colors (Жылы жарық түстерін сақтау)) біз әдетте қызу бөлетін шам жарығында түйсінетін жылы реңктерді сақтайды.
D («Автоматты табиғи жарық»)
D (Natural light auto (Автоматты табиғи жарық)) параметрі жасанды жарықта қалаған нәтижелерді бермеуі мүмкін. v (Auto (Автоматты)) параметрін немесе жарық көзіне сай параметрді таңдаңыз.
Студиядағы жарқыл жарығы
v (Auto (Автоматты)) параметрі үлкен студиялық жарқыл бөліктерін пайдаланғанда қажет нәтижелерді бермеуі мүмкін. Ақ түс балансынының алдын-ала енгізілген мәнін пайдаланыңыз немесе ақ түс балансын N (Flash (Жарқыл)) параметріне орнатып, ақ түс балансын дәл реттеңіз.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Ағымдағы мәнді «қапсыру» үшін ақ түс балансын өзгертіп отыру туралы ақпарат алу үшін «Брекетинг» бөлімін қараңыз (0 Брекетинг).
Түс температурасы
Жарық көзінің түсін қабылдау бақылаушыға және басқа жағдайларға байланысты өзгереді. Түс температурасы – бірдей толқын ұзындығы бар жарық шығару үшін жылытылуы тиіс нысанның температурасына негізделе отырып анықталатын жарық көзі түсінің объективті өлшемі. 5000–5500 K аралығындағы түс температурасы бар жарық көздері ақ түс ретінде көрінсе, қызу бөлетін шамдар сияқты түс температурасы төмендеу жарық көздері аздап сары немесе қызыл болып көрінеді. Түс температурасы жоғарылау жарық көздерінде көк түстің реңкі болады.
«Жылырақ» (қызылырақ) түстер | «Суығырақ» (көгірек) түстер |
I (натрий газ разрядты шамдары): 2700 K | |
J (қызу бөлетін шам)/I (жылы ақ флюоресцентті): 3000 K | |
I (ақ флюоресцентті): 3700 K | |
I (суық ақ флюоресцентті): 4200 K | |
I (күндізгі ақ флюоресцентті): 5000 K | |
H (тік күн сәулелері): 5200 K | |
N (жарқыл): 5400 K | |
G (бұлтты): 6000 K | |
I (күндізгі флюоресцентті): 6500 K | |
I (жоғары температуралы сынап газ разрядты шамы): 7200 K | |
M (көлеңке): 8000 K |
Ескертпе: барлық сандар шамамен берілген.